Бас редакторлар клубының мүшелері

БАҚ бас редакторлары Жоғарғы Сот Ахуалдық орталығының жұмысымен танысты

13/10/2017

Бүгін Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов Бас редакторлар клубының мүшелерімен кездесті. Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары Лариса Шепелева мен Денис Шипп, Департаменттің жауапты қызметкерлері де қатысты.  

Кездесу барысында БАҚ өкілдеріне Сот органдары ахуалдық орталығының жұмысы таныстырылды. Іс-шараға барлығы 25 шақты масс-медиа редакторлары қатысты.

Бас редакторлар клубының мүшелері сот жүйесінің жаңа технологиялармен танысты

26/02/2016

Бүгін Астана қалалық сотында ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испанов Бас редакторлар клубының мүшелерімен кездесу өткізді. Іс-шараға Жоғарғы Соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судьясы Е.Максюта, Департамент пен Астана қаласы кеңсесінің жауапты қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – БАҚ басшыларын соттардағы заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жұмысымен және мүмкіндіктерімен таныстыру.