өкім

Сот актілерінің күші жойылды: себебі, жүргізуші кінәсі туралы сот қорытындысы қате шығарылған

09/01/2023

Бірінші сатыдағы сот З.Луфановты жол полициясы органдары қызметкерінің талабы бойынша масаң күйде болуын анықтауға куәландырудан өтуден жалтарғаны үшін кінәлі деп таныды (ӘҚБтК-нің 613-бабының 4-бөлігі). Оған 7 жылға автокөлікті басқару құқығынан айыра отырып, 15 тәулікке қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Апелляция шешімді  күшінде қалдырды.

Кассация істі қарап, соттардың Луфановтың кінәсі туралы тұжырымдарының қате екенін анықтады.

Күзетпен ұстаудан босатылды: сотталған адам есірткіні өзі тапсырды

23/12/2022

Бірінші сатыдағы сот Н. Алтаевты өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін кінәлі деп таныды (ҚК 296-бабының 4-бөлігі) және 4,5 жылға бас бостандығынан айыруды айыптады.

Апелляция үкімді күшінде қалдырды.

Кассация істі қарап, сотталушының кінәсі туралы тұжырымдар істің нақты мән-жайларына сәйкес келмейтінін анықтады.

Іс-әрекеттің ауырлығына байланысты шартты жаза нақты бас бостандығынан айыруға ауыстырылды

06/12/2022

Бірінші сатыдағы сот Ш. Сәдуақасова мен Л. Байбосынованы алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының қаржылық (инвестициялық) пирамида құруына және 32 жәбірленушіге 17 млн теңгеден астам шығын (аса ірі мөлшер) келтіруіне орай кінәлі деп таныды. Олар 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды (ҚК 63-бабының 1-бөлігі).

Апелляция бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Жоғарғы Сотқа жәбірленушілердің өкілі өтінішхатпен жүгініп, сот актілерімен келіспейтінін білдірді.

Ақталды: үкім болжамдар негізінде шығарылмайды

30/11/2022

Жергілікті сот 2022 жылғы қаңтарда Б.Зарқынбековті абайсызда адамның өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын (ЖЖҚ) бұзғаны үшін кінәлі деп танып (ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі), оны 2 жылға бас бостандығынан айырды.

Апелляция үкімнің күшін жойып, сотталған адамды оның іс-әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан ақтады.

Кассация істі прокурордың наразылығы бойынша қарады.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы іс материалдарын зерделеп, апелляцияның тұжырымдарымен келісті.

Ақтау қалалық соты Маңғыстау облысының Халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы инспекторларына қатысты айыптау үкімін жариялады

27/07/2016

Маңғыстау облысы бойынша «ХҚО» филиалының бұрынғы инспекторлары М.Мусин мен Е.Бисенбайға өздерінің қызметтік бабын пайдалана отырып, қасақана, пайдақорлық ниетпен, сенімді теріс пайдалану жолымен, өзінің қызмет ететін Маңғыстау облысы бойынша «ХҚО» ішінде сұранысы жоғары автокөлік мемлекеттік белгілерін сату үшін М.Айтбаевпен  қылмыстық сөз байласып, сұранысы жоғары мемлекеттік белгілерін сату үшін қолдан жасалған мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін дайындап, қолданып, өздерінің қылмыстық ойларын жүзеге асыру үшін С-ға, К-ге, Д-ға, Т-ға, З-ға, Р-ға

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы директоры Н.Жоламановқа қатысты сот үкімі жарияланды

06/03/2015

Бүгін Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында генерал-лейтенант Нұрлан Айтманұлы Жоламановқа және подполковник Қайрат Көпжасарұлы Балмағамбетовке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жария етілді.