Сот төрелігі академиясы

Сот төрелігі академиясында «Ашық есік күні» өтеді

10/07/2020

Сот төрелігі академиясы 2020 жылдың 17 шілдесінде сағат 11:00-де онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді.

Іс-шараға қатысушыларға Академияда оқудың мақсаты мен ерекшеліктері, магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны таныстырылады. Онлайн келушілер Академияға оқуға түсуге қатысты өздерін қызықтыратын сұрақтарға жауап ала алады.

Аталған іс-шараға қатысу үшін мына сілтемеден өту қажет: https://meet.google.com/ecp-fdvq-svn

Сот төрелігі Академиясына оқуға түсушілерге арналған вебинар

03/07/2020

Сот төрелігі Академиясы «7M04201-Сот және сот төрелігі» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураға бір жыл оқу мерзімімен құжаттар қабылдауды өткізіп отырғандығын хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2020 жылдың 31 шілдесіне дейін жүргізіледі.

Магистратурада білім беру мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылады (60 орын) және болашақ судьяларды дайындауға бағытталған.

 

Зәуреш Баймолдина - Сот төрелігі академиясының жаңа ректоры

09/10/2019

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева Сот төрелігі академиясының профессор-оқытушылар құрамына жаңа ректорды таныстырды. Заң ғылымдарының кандидаты, профессор Зәуреш Баймолдина ректор болды.

«Зәуреш Хамитқызы ғылыми және академиялық ортада мол тәжірибеге ие, мемлекеттік органдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеді. Ол тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болды», - деді                    А. Қыдырбаева жаңа ректорды таныстыра келіп.

Сот төрелігі академиясында жаңа оқу жылы басталды

09/09/2019

Сот төрелігі академиясында басшылық және профессор-оқытушылар құрамы 1-ші курс магистранттарымен кездесті.

Бұл жерде сот жүйесінің қызметкерлері ғана емес, әділет, прокуратура, министрліктер, әкімдіктер және құқық қорғау органдарының қызметкерлері де білім алады.

Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Н.Раззақ PRI-дың қорытынды конференциясында әлжуаз сотталғандардың құқықтарын қорғау туралы айтты

07/12/2018

Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Нәзила Раззақ «Қазақстан түрмелеріндегі адам құқықтары: сотталғандардың әлжуаз санаттарының сот төрелігіне қолжетімділігін жақсартудағы мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы» атты конференция жұмысына қатысты.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, заңгерлер қауымдастығының өкілдері, Парламент депутаттары мен халықаралық сарапшылар да қатысты.

Астанада сот-құқық реформаларын іске асыру тұрғысынан адам құқықтарын сақтау мәселелері талқыланды

07/12/2018

Астанада «Адам құқықтары және әділ сот төрелігі: заманауи ұстаным көкжиегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Іс-шара Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларацияның қабылдануына 70 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Форумды Жоғарғы Сот пен Сот төрелігі академиясы Ұлыбританияның Астанадағы елшілігінің, Ф.Эберт атындағы қордың және PRI-дің Орталық Азиядағы өкілдігінің қолдауымен өткізді.

Е. Әбдірасылов С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атанды

05/12/2018

Сот төрелігі академиясы Институтының директоры, «Мінсіз судья» жобасының менеджері Ермек Әбдірасылов С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде лекция оқыды.

Лекцияның тақырыбы «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына орай сот жүйесін жаңғыртудың өзекті проблемалары». Лекцияны тыңдаушылар – экономика және құқық факультетінің студенттері, магистранттар мен профессорлық-оқытушылар құрамы. Лекцияға судьялар корпусы, прокуратура, әділет өкілдері, сондай-ақ ШҚМУ заң факультетінің түлектері қатысты.

Қазақстандық делегация ГФР судьяларын даярлаумен танысты

07/11/2018

Делегация құрамына Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы және аппарат басшысы Әнуар Сабиров, Президент Әкімшілігінің бөлім бастығы Айдар Жарылғанов, ЖСК мүшелері Ләззат Күдекова және Мұрат Қожабергенов, Сот  академиясының вице-ректоры Назиля Раззақ кірді.

Сот төрелігі академиясының вице-ректоры Н.Раззақ «Заң саласындағы еңбегі үшін» медалімен марапатталды

18/10/2018

Бас кеңсесі Мәскеуде орналасқан «МИР-СНГ» қоғамдық бірлестігінің «Заң саласындағы еңбегі үшін» медалін Ауғанстандағы соғыстың ардагерлері мен мүгедектері одағының өкілі Қанат Сырлыбаев Назила Раззаққа табыстады.

Сот төрелігі академиясы вице-ректорының қызметін ресейлік заңгер-сарапшылар келесі негіздер бойынша бағалаған:

Сот төрелігі академиясында жергілікті соттардың судьялары біліктілік арттыру курстарынан өтті

08/10/2018

Ағымдағы жылғы 17 қыркүйек пен 5 қазан аралығында өткен курстарға республикадағы барлық өңірлерден 31 тыңдаушы қатысты.

Қашықтықтан оқыту технологиясы қолданылған үш апталық оқу барысында дәрістерге лауазымға алғаш рет тағайындалған аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары қатысты. Қалған екі апталық (8-19 қазан)  оқу үшін судьялар Астанаға келеді.

Аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларына арналған курстардың бағдарламасы олардың азаматтық және қылмыстық істер бойынша мамандануына қарай құрылған.

Беттер