Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

Жоғарғы Сот судьялары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінде дәріс оқыды

29/11/2022

Абай Рахметулин мен Елена Максюта қазақстандық жоғары білім берудің көшбасшысы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да дәріс оқыды. Университетті қонақтарға таныстыру кезінде еліміздегі ең ірі жоғары оқу орнының кітапханасы, жоғары оқу орындары арасындағы бірегей ахуалдық орталық және университет мұражайы көрсетілді. Осы мұражай жоғары оқу орындары арасында Халықаралық мұражайлар кеңесінің бірден-бір мүшесі болып табылады.

Дәрісті факультеттің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы тыңдады. Дәріс кезінде декан, з.ғ.д. Дәулет Байделдинов модератор болды.