Дс, 09/10/2017 - 10:09
Ұлытау аудандық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған екі Өзбекстан Республикасы азаматына қатысты әкімшілік істі қарады.
Іс материалдарына сәйкес бұл шетел азаматтарының әрекеттерінде шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей, тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, республика аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамау түріндегі құқықбұзушылық белгілері байқалды.
Сот отырысында құқық бұзушылар өз кінәларын толық мойындап, хаттамадағы мән-жайды растап, өкініш білдіріп, қатаң жазаламауды өтініп, айыппұл төлеуге мүмкіндіктері жоқтығын, сол себептен аз мерзімге қамауға алу түріндегі жаза қолдануды сұрады.
Сот құқықбұзушыларға 2 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас мәліметтер
- Салықтарды төлеуден жалтарғандар мен пара берушілер ірі көлемдегі айыппұлдарды төлеуге сотталды
- Қарағанды облыстық сотында «Дауларды банктер және микроқаржылық ұйымдар туралы заңнамаларды қолданумен қараудағы сот тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
- Қарағанды облыстық сотында «Еңбек заңнамасын қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді