әкімшілік істер

Қызылорда облысында әкімшілік істер алғаш рет бейнебайланыс арқылы қаралды

05/09/2017

Бүгін Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының  судьялары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 517-бабына сәйкес келіп түскен әкімшілік істерді алғаш рет бейнебайланыс арқылы  қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, Өзбекстан Республикасының азаматтары «жеке мақсатпен келдім» деген желеумен өңірдегі жұмыс берушілермен ауызша мәміле жасасып, ішкі істер органдарына уақытша тіркеу және рұқсат алук талабын бұзып,  заңсыз жұмыс істеп келгенген.

Қазақстандық соттар электронды құжат айналымына басымдық беруде

02/07/2015

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Интернет-ресурсының (www.sud.kz) «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы электронды сот ісін жүргізу қолға алынғалы бері Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері үшін осы жылғы шілдеден бастап тиісті құжаттарды Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына электронды түрде жіберуге мүмкіндік беретін арнайы функционал іске қосылды.

Қолжетімділік пен жылдамдық – хабарлама кепілі!

13/04/2015

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде (бұдан әрі – Департамент) , электронды сот ісін жүргізу көшу бағытындағы жұмыстың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған мақсаттар айқындалды. Азаматтардың соттармен өзара іс-қимылын айтарлықтай жеңілдетуге бағытталған бірқатар жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, сот органдарының интернет-ресурстарында электронды сот құжаттарын көруге арналған «Сот құжаттарымен танысу» онлайн сервисі (бұдан әрі – Сервис) іске асырылып, жұмыс істеуде.

3 ата-анаға қатысты 3 әкімшілік іс қаралды

04/12/2014

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336-бабының 1-1 бөлігі бойынша жасы он сегізге толмаған тұлғалардың қоғамдық орындарға мас күйінде келуі, сондай-ақ олардың қоғамдық орындарда алкоголь ішімдіктерін ішуітуралы бір күнде келіп түскен 3 ата-анаға қатысты 3 әкімшілік істі қарады, ал ағымдағы жылдың 11 айында осы бап бойынша қаралған істер саны 168-ге жеткен.