мемориалдық ескерткіш

Шығыс Қазақстан облысының Шар қаласында сот жүйесінің ардагері Қасымхан Мусинге арналған мемориалдық ескерткіш тақта ашылды

03/10/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев және Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов Шар қаласында сот жүйесінің ардагері Қасымхан Мусинге арналған мемориалдық ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашты.

Салтанатты іс шараға Судьялар Одағы филиалының төрағасы Елдос Жұмақсанов, Жарма ауданының №2 сотының судьялары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ардагерлер және судьяның туған-туыстары қатысты.

Семей қаласында сот жүйесінің ардагеріне арналған мемориалдық ескерткіш тақта ашылды

25/09/2015

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров сот жүйесінің ардагері Түменов Ниязбек Түменұлына арналған мемориалдық ескерткіш  тақтаны салтанатты түрде ашты.

Атаулы шара ШҚО Судьялар одағы филиалының, Н.Т.Түменовтің жақындары мен туысқандарының бастамасымен ұйымдастырылды.