СҚО

СҚО судьялары балаларды оқу жылының басталуымен құттықтады

01/09/2015

Білім күні Петропавл қалалық сотының ұжымы «Жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған Солтүстік Қазақстан облыстық мектеп-интернаты» ММ-нің тәрбиеленушілерімен кездесті.

Оқу жылының басталуына орай балаларға кеңсе жабдықтары тапсырылды.

Судьялар балаларды оқу жылының басталуымен құттықтады және оқуда табыс, зор денсаулық тіледі, сондай-ақ балалар – Қазақстанның болашағы, сондықтан біз оларды ұмытылмайтын құндылықтар – Отанды сүю, үлкендерді құрметтеу, төзімділік пен бірлікке үйрету қажетпіз деп атап өтті.

СҚО-да банктік қарыз шарттарынан туындайтын дауларды қарау тәжірибесін талқылады

13/08/2015

Солтүстік Қазақстан облысында «Банктік қарыз шарттарынан туындайтын дауларды қарау тәжірибесі. Кепіл және ипотеканың ерекшеліктері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға прокуратура, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының, адвокатура, екінші деңгейде банк өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелді» аша отырып, облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Б.Қасейінов қазіргі уақытта соттардың құқық қолдану тәжірибесінде құқықтық қатынас шарттарынан туындайтын даулар санының өсуі байқалатынын атап өтті.

Тұтқындау кезінде қылмыстық-процессуалдық заңнаманың сақталу ережелері

04/08/2015
Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Солтүстік Қазақстан облыстық сотының, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, облыстың құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен «Тұтқындау кезінде қылмыстық-процессуалдық заңнаманың сақталу ережелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында жас судьяларға арналған семинар сабақтары өтті

30/06/2015

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Тәлімгерлер кеңесі 1 жылдан 3 жылға дейін жұмыс өтілі бар жас судьяларға арналған семинар сабақтары өткізді.

 Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай алғы сөзінде Тәлімгерлер Кеңесі мен Оқу орталығының жұмысындағы басым бағыттардың бірі жас судьяларды оқыту болып табылатынын атап өтті.

«Закон.kz» ақпараттық агенттігі Солтүстік Қазақстан облысының судьяларына алғыс білдірді

12/06/2015

«Закон.kz» ақпараттық  агенттігі Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына арналған «Соғыс кезеңдері» акциясына белсенді қатысқандары үшін Солтүстік Қазақстан облысының судьяларына алғыс білдірді. Судьялар әңгімелердің сериясын, ардагерлердің, тыл еңбеккерлері мен олардың ұрпақтарының естеліктеріндегі соғыс тарихы туралы мақалалар жазған.

Акция өткізу кезінде «Закон.kz» редакциясына соғыс туралы, қазақстандық жауынгерлердің ерлігі мен батырлығы туралы жүздеген хат, сондай-ақ фотосуреттер, мұрағаттық және басқа да құжаттар келіп түскен.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Жеңістің 70 жылдығын атап өтті

06/05/2015

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында, сондай-ақ облыстың барлық аудандық және оған теңестірілген соттарында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы судьяларының атынан Даңқ мемориалы «Мәңгілік Алау» алдына гүл шоқтары қойылды. Салтанатты рәсімге облыстық соттың төрағасы, судьялар, соғыс және еңбек ардагерлері, сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Облыстық сотта әкімшілік заңнаманы қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

29/04/2015

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырғанда туындайтын Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Облыстық сотта Қоғамдық кеңеспен бірлескен жалпы отырыс өткізілді

28/04/2015

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында судьялардың бос лауазымдарына жарияланған конкурсқа қатысатын үміткерлерді талқылау жөніндегі Қоғамдық кеңеспен бірлескен жалпы отырыс өткізілді.

Судья лауазымына үміткерлердің моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалайтын Қоғамдық кеңестің мәртебесін консультативтік-кеңесші орган деп белгілеген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына енгізілген өзгерістерді ескере отыра, аталмыш отырыс алғаш рет жаңа нысанда өткізілді.

Алқабиге үміткерлердің тізімдерін жасаудың өзекті мәселелері

31/03/2015

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  «Алқабиге кандидаттардың негізгі және қосалқы тізімдерін сапалы жасау мәселелері» тақырыбында прокуратура органдары, облыс, Петропавл қаласы әкімдерінің аппараты, психоневрологиялық диспансер, облыстық  наркология орталығы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Беттер