СҚО

Сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды

27/03/2015

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында прокуратура, әділет органдары, «Нұр Отан» партиясы филиалының өкілдерінің, сот орындаушыларының қатысуымен «Азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша сот актілерінің орындалуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Парламент Сенаты депутаттарының қатысуымен Президент Жолдауы талқыланды

12/12/2014

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің мүшесі Г.В. Кимнің және Парламент Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі комитеттің мүшесі С.С. Біләловтің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудағы сот және құқық қорғау органдарының рөлін талқылауға арналған кездесу өтті.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Тұңғыш Президент Күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

26/11/2014

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында сот жүйесінің ардагерлерінің, соның ішінде Судьялар одағының құрметті мүшелерінің, БАҚ өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты жиналысты Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Мұратғали Әкетай ашты. Бірнеше жыл бойы елімізде 1 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған ұлттық мереке салтанатты түрде тойланатынын айтып өтті.

Сот жүйесі ардагерінің мерейтойы

07/11/2014

Шал ақын ауданының сотында сот жүйесінің ардагері, доғарыстағы судья Владимир Николаевич Кумаченконың 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

Мерейтой иесін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы атынан облыс судьялары ауданға барып, құттықтады.

В.Н.Кумаченконың қызметтік және ұйымдастырушылық қабілеттері әрқилы тапсырмаларды жүзеге асыруда, сондай-ақ сот төрелігін сапалы түрде іске асыруда көптеген жетістіктерге жеткізді. Әріптестері оған мықты денсаулық және тамаша көңіл-күй тіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының қаржы полициясы бастығының орынбасары Ж.Ахметовті өлтірген сотталушыларға қатысты үкім шықты

17/10/2014

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында облыстың экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары Жандос Ахметовті өлтірген сотталушыларға қатысты үкім шықты.

Жандос Ахметовті былтырғы жылғы 24 желтоқсанда өз үйінің кіреберісінде атып өлтірген. Ол сол кезде облыстық департамент бастығының міндетін атқарып жүрген. 12 жасар ұлы осы қылмыстың куәгері болған.

Қоғамдық Кеңестің судьялыққа кандидаттарды іріктеуге арналған отырысы өтті

09/09/2014

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Қоғамдық Кеңестің судьялыққа кандидаттарды іріктеуге арналған отырысы өтті.

Отырысты облыстық сот төрағасы Мұратғали Әкетай ашып, өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығы мен мәнділігін атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының жанындағы Қоғамдық Кеңестің Ережесіне сәйкес, оның құрамы жергілікті әлеумет өкілдерінің тақ санынан тұрады, соның ішінде облыстық сот төрағасы Кеңес қызметіне жалпы жетекшілік етеді.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

04/07/2014

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Астана күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға сот жүйесінің ардагерлері, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, облыстық сот кеңсесінің мамандары қатысты.

Кездесуді ашқан облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай бұл  мереке қазақстандықтар бірлігінің нышаны, Қазақстан Республикасы жетістіктерінің символы екенін атап өтті.

Беттер