жоғары оқу орныны

Екібастұз соты ЖОО-ны бітірушіден мемлекеттік білім несиесі үшін қарызды өндіріп алды

18/03/2016

Павлодар облысының Екібастұз қалалық сотына талапкер «Қаржы орталығы» АҚ-ның жауапкер К.-ға білім гранты бойынша бөлінген 1 511 470 теңге сомадағы қарызды өндіру туралы  талап арызбен жүгінді.

Сот талапкер Білім және ғылым министрінің бұйрығымен жауапкер Н. ауылдық квота бойынша  білім грантының иегері болып анықталып, оқытуға ЖОО-ның шығынын өтеу ретінде республикалық бюджеттен 1 354 600 теңге аударылғанын анықтаған.