Қызылордада судьялар сот орындаушылардың әрекеттеріне шағым жасау жөніндегі дауларды талқыға салды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев Әділет департаменті және облыстық жеке сот орындаушылар, прокуратура өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысын аша келе, Ә.Шығамбаев сот актілері орындалуымен құнды екендігін, осы орайда сот орындаушылардың жұмысының сапалы болуы қажеттігін атап өтті.

«Дөңгелек үстелде» баяндамашы қалалық соттың судьялары Кәмшат Сәдуақасова, Телжан Жүсіпов атқару парақтарын қайтару және қабылдаудан бас тартудың негізділігін, сот орындаушылардың ұсынымдарын қарап, қаулыларын санкциялау тәртібін талқыға салды.

К.Сәдуақасова бүгінгі күні сот орындаушыларға жолданған атқару парақтарының саны 15981-ді құраса, соның 14505 ғана тіркеліп, тіркелмегендер саны 1476 екендігінін айтып, осынша адамға қатысты сот шешімдерінің орындалмауы олардың құқықтарының қорғалмауына әкеліп отырғандығын жеткізді. Сонымен бірге, К.Сәдуақасова «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы негізсіз қайтарылған және тіркелмеген сот актілерін нақты мысалдарымен көрсетті.

Әділет департаменті басшысының орынбасары Жандос Әбсәт, айтылған мәселелерді басты назарға алатындықтарын, атқару құжаттарының негізсіз қайтаруға жол бермес үшін  бірыңғай тәжірибе қалыптастыру қажет екендігін жеткізді.

«Дөңгелек үстел» қатысушылары дұрыс рәсімделіп жолданбаған, негізсіз тіркелмеген сот актілеріне тұрақты түрде шолу жасауды және олардың нәтижесі бойынша кінәлілерді анықтауды, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерді болдырмау үшін бірлесе жұмыс жасау туралы ұсыным әзірледі.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі