Павлодар облысында Железин аудандық сотының жаңа ғимараты ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Павлодар облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Бақытбек Бегалиев, Соттар әкімшісінің басшысы Сағит Ахметбеков Железин аудандық соты жаңа ғимараты ашылу салтанатының рәмізді таспаны мерекелі түрде кесті.      

Сот жүйесінің дамуда Президенттің ерекше рөлін айта көрсетіп  Б.Бегалиев, Железин аудандық соты ғимаратының өткізілген жаңалау және жөндеу өңір үшін айтулы оқиға екендігін атап өтті. «Сот ғимаратында судьялардың және сот қызметкерлердің жұмыстарына арналған, сондай-ақ өз құқықтарын қорғау үшін сотқа келген азаматтарға тиісті жағдайлар жасалды», -  деді ол.

Отставкадағы судьялар Ақылжан Тұрсынбеков пен Амангелді Хамзин әріптестерін соттың жаңа ғимаратымен құттықтай келе, сот әділдігін дамыту саласындағы жетістіктерді атап өтті. 

Бұрынғы қазынашылық басқармасының ғимаратын қайта жөндеуден өткізу нәтижесінде жаңа әділет сарайы сот жүйесі мен халық игілігіне ұсынылды. Жалпы ауданы шамамен 400 ш.м. құрайтын ғимарат қызметке қажетті заманауи жүйелермен жарақтандырылды. Аудиобейнетіркеу, бейнебайланыс жүйелерімен жабдықталған ғимаратта  күту залы, сот отырысы залдары, судьялар мен сот отырысының хатшыларына, прокурорлар мен адвокаттарға арналған бөлмелер, кеңсе, мұрағат, кодификация, баспасөз орталығы бар.

Бұрын екі құрамды аудандық соты пеш арқылы жылытылатын ғимаратта орналасқан болатын. Соттың жаңа коммуникациялық-инженерлік жүйедегі жаңа ғимаратқа көшуі кеңсежайды пайдалануға кететін шығындарды еселеп азайтуға мүмкіндік береді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар