ақпараттық технологиялар

Соттарда электрондық цифрлық қолтаңба алу - қолжетімді әрі жедел іске асатын процесс

31/08/2017

Сот қызметінде ақпараттық технологияларды дамыту және кеңінен қолдану Жоғарғы Соттың басым бағыттардың бірі болып табылады.

Жоғарғы Соттың 2014 жылы іске қосылған «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі азаматтарға, олардың өкілдеріне және адвокаттарға сотқа талап- арыздарды, апелляциялық шағымдарды, сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы өтінішхатты және электрондық түрде өтінішті, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеуге, сот құжаттарын, сондай-ақ іс бойынша мәртебесін көруге және т.б. мүмкіндігін береді.

Сарыарқа аудандық сотында сот жүйесінде ақпараттық технологияларды дамыту бойынша Жоғарғы Соттың пилоттық жобасы жүзеге асырылуда

29/05/2017

Астана қаласы Сарыарқа  аудандық  сотында сот жүйесінде ақпараттық технологияларды одан әрі дамытуды талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

 Жоғарғы Соттың ақпараттық технологиялар бөлімінің меңгерушісі Серғазы Омаш, сот төрағасы Арман Жүкенов, прокуратура өкілдері, адвокаттар және IT-мамандары «дөңгелек үстел» жұмысына сот базасын басқа мемлекеттік органдардың жүйесімен интеграциялау арқылы  ақпараттық технологияларды жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізу мақсатында қатысты.

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінде сот орындаушыларымен жұмыс кездесуі өтті

29/03/2017

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сарымсақов Әділет департаментінің өкілдері және сот орындаушыларымен өзара электронды ақпараттық әрекеттесу мәселелерін талқылау бойынша жұмыс кездесуін өткізді.   

Жұмыс кездесуіне Ақмола облысы Әділет департаменті басқармасының өкілдері Қ.Шаймерденов, М.Байғожина, С.Хамзин,  жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Ж.Әбілқасымова, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.

Сенат депутаттары Шығыс Қазақстан облыстық сотында болды

09/04/2016

Өскеменде өткен Парламент Сенатының көшпелі отырысының шеңберінде Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы С. Ақылбай комитет мүшелерімен және облыс басшылығымен бірге Шығыс Қазақстан облыстық сотына барды. 

Облыстық соттың төрағасы Д.Әміров кездесуге келген қатысушыларды сот жұмысымен таныстырып, аудио-бейнетіркеу жүйесімен жарақтандырылған сот мәжілісі залдарын, тараптарға арналған күту залдарын көрсетті.

«Сот кабинеті» сервисі енді мемлекеттік органдардың әрекетіне шағым жолдауға мүмкіндік береді

29/02/2016

Қазақстандағы сот билігін дамытудың маңызды басымдықтары 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында айқындалған. Оларға ақпараттық технологияларды қолдану аясын кеңейту, сот ісін жүргізуді оңайлату, сот  төрелігінің қолжетімдігін, ашықтығын және айқындығын арттыру кіреді.

Халықаралық конференция аясында «Сот кабинеті» сервисінің онлайн және мобильді нұсқасы таныстырылды

03/09/2015

Ағымдағы жылғы 2 қыркүйегінде Астана қ. Тәуелсіздік сарайында «Әлеуметтік қамсыздандырудың мақсаттарына жетудегі АКТ саласының стандарттары мен бірыңғай шешімдерін қабылдау жолдары» тақырыбындағы XIV Халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорымен және Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (бұдан әрі – ӘҚХҚ) бірлесіп ұйымдастырды.

Жоғарғы Сот Департаменті 100 нақты қадамнан тұратын «Ұлт Жоспарын» іске асыруға зор көңіл бөлуде

05/06/2015

Бүгін Жоғарғы Сотта өткен жұмыс кеңесінде Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің қызметі талқыланды.

Осы кеңес шеңберінде Мемлекет басшысы ұсынған 100 нақты қадамнан тұратын «Ұлт Жоспарын» іске асыруға зор көңіл бөлінді. Заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі барлық сот процестеріне аудиобейнетіркеу жүйесін енгізу болып табылады.

Беларусь Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қазақстан сот өндірісіне енгізілген ақпараттық технологияларға жоғары баға берді

04/06/2015

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәми, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов және Беларусь Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы В.Сукало  Алматы қалалық сотына келді.

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу

21/07/2014

Ағымдағы жылғы 19 шілдеде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында «Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу» тақырыбында кеңес өтті.

Аталған шараға ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С.Испанов, ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары Е.К.Мабиев, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ өкілдері, Департаменттің жауапты қызметкерлері және Астана, Алматы қалалары мен облыстардағы сот кеңселерінің басшылары қатысты.

Ақтөбе соттарында ақпараттық технологияларды қолданудың алғашқы нәтижелері белгілі болды

10/07/2014

Бүгін Ақтөбе қалалық сотында ақпараттық технологияларды қолдану жөнінде брифинг өтті.

Іс-шараға «24 kz», «Хабар», «Рика ТВ», «Қазақстан-Ақтөбе» телеарналарының, «Юридическая газета», «Эврика» газеттерінің, «Тандем» және Қазақ радиосының тілшілері қатысты.