Жоғарғы Сот

Жоғарғы Соттың судьясы Т.Қожан жергілікті соттың судьяларына арнап бейнедәріс өткізді

22/07/2016

Жоғарғы Соттың судьясы Төлеубай Қожан судьяларға арнап бейн байланыс арқылы дәріс өткізді.

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Рахметулла Хайруллин мен  облыстық соттың судьясы Нұртуған Тұржанов дәріс оқыды.

Бейнедәріс сабағына республика бойынша 200-ге жуық судьялар қатысты.

Жоғарғы Сот бұрын кінәлі деп танылған жүргізушінің әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамы жоқтығын растады

21/07/2016

Жоғарғы Соттың мамандандырылған алқасының қаулысымен Ақтөбе әкімшілік соты мен Ақтөбе облысы сотының В.Генибергті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сот актілерінің күші жойылды.

Іс материалдарына сәйкес Ақтөбе қаласы қиылыстарының бірінде екі көлік қақтығысты. Шеткі оң жолақта келе жатқан В.Генибергтің басқаруындағы автокөлік айналмалы қозғалыстағы қиылыстан сол жақ жолақтағы шығу бағытында келе жатқан басқа көлікпен қақтығысты.

Жоғары Соттынің судьялары Қазақстандағы сот төрелігін жетілдіру туралы семинарға қатысты

08/07/2016

Жоғары Сот судьялары Еуропалық Одақтың «Қазақстандағы әділсотты жетілдіру» жобасымен бірлесе отырып ұйымдастырылған тренингке қатысты.

Аталмыш жоба NI-CO халықаралық ұйымымен, Ұлыбритания Министрлігімен, Нидерланд пробация қызметімен және Сот жүйесі және мемлекеттік прокуратура ұлттық мектебімен (Польша) жүзеге асырылады.

Тренингтің негізгі мақсаты судьяларды белсенді топтарда сабақ беруде қажетті дағдыларға, ересек аудиториямен жұмыс істеу ерекшеліктеріне үйрету болды. 

Жоғарғы Сотта кезекті жалпы отырыс өтті

07/07/2016

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің басшылығымен кезекті жалпы отырыс өтті.

Жалпы отырыстың жұмысына Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Әділет министрлігі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның өкілдері қатысты.

Құрметті оқырмандар!

05/07/2016

Сіздерді мемлекеттік мереке – Елорда күнімен құттықтаймын!

Отаншылдық рухты көтеретін бұл мереке Қазақстанның әрбір азаматы үшін қоғамдық-саяси маңызға ие. Астананың қалыптасу тарихы биыл 25 жылдық мерейтойы аталып өтіп жатқан еліміздің тәуелсіздігімен тікелей байланысты.

Қазақстанның жаңа елордасының бастамашысы – ел Президенті Н. Назарбаев Астананың образын қалыптастыруға терең мән беріп, оны тәуелсіз мемлекетіміздің табысты дамуы мен өсіп-өркендеуінің символы ретінде ұштастыра білді. 

Қазақстан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеттің 117-ші сессиясы барысында Азаматтық және саяси құқық туралы халықаралық пактінің орындалуы туралы екінші баяндаманы қорғады

05/07/2016

2016 жылғы 22-23 маусымда Қазақстан Адам құқықтары жөніндегі комитеттің 117-ші сессиясы барысында Женева қаласында Халықаралық міндеттемелерді орындау бойынша екінші кезеңдік баяндаманы қорғады.

Жоғарғы Сот «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын анықтады

29/06/2016

Республикалық сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны насихаттау мақсатында а.ж. жылғы 15 сәуір – 15 маусым аралығында облыстық және оған теңестірілген соттар арасында «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» республикалық конкурс ұйымдастырылды.

Республиканың судьялар корпусы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен журналистерді құттықтады

28/06/2016

Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов журналистерді жемісті, жан-жақты және сапалы қызметтері үшін алғысын білдірді.

«БАҚ пен қоғам үшін соттар әрқашан ашық, біз әрқашан ынтымақтастық пен байланыс орнатуға қуаныштымыз», - деді ол, журналистерге олардың жауапты қызметіне сәттілік тілеп, естелік сыйлықтар мен гүлдерді сыйға тартты.

Өз кезегінде БАҚ өкілдері сот қауымдастығына көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, оларға еңбектерінде табыс тіледі.  

Жоғарғы Сотта «Азбука жилья» ТК үлескерлеріне олардың бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымдану құқығы түсіндірілді

28/06/2016

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Ғабит Мәуленқұлов жоғары сот органына келген үлескерлерге бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық тәртіпте шағымдану құқығын түсіндірді.

Беттер