Жоғарғы Сот

Жоғарғы Сот Азаматтық процестік кодекстің комментарийін таныстырды

14/11/2016

Жоғарғы Сот судьялардың VII съезі қарсаңында Азаматтық процестік кодекстің комментарийін таныстыру рәсімін өткізді.

Іс-шараға Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай, Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Әлия Рақышева, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, шетелдік ұйымдардың өкілдері, судьялар мен құқықтанушы-ғалымдар қатысты.

Жоғарғы Соттың жаңа судьясы сайланды

10/11/2016

Бүгін Парламент Сенатының отырысында Мемлекет басшысының ұсынуы бойынша Мергенова Гүлнар Жақсылыққызы Жоғарғы Соттың судьясы болып сайланды. Бұған дейін Г.Ж. Мергенова Астана қалалық сотының судьясы қызметін атқарды, оның жиырма жылдан астам аудандық және облыстық деңгейдегі судьялық жұмыс өтілі бар.

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында республика сот жүйесінің дамуы туралы көрме жұмысы жалғасуда

26/09/2016

Ағымдағы жылғы 21 қыркүйектен бастап Астана қаласындағы тәуелсіздік сарайында «Қазақстандағы сот билігі: тарихы мен қазіргі кезеңі» атты көрме өз жұмысын бастады. Бүгінде көрмені елорданың 1100-ден астам тұрғыны мен қонақтары тамашалап үлгерді. Олардың арасында жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, жоғары сынып оқушылары, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының өкілдері бар.

Қайрат Мәми «Zakon.kz» порталында интернет-конференция өткізді

20/09/2016

Бүгін «Zakon.kz» порталында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің қатысуымен интернет-конференция өтті. Онлайн-режимде өткен конференцияда ол интернет-тұтынушылардан түскен 29 неғұрлым рейтингтік сұрақтарға жауап берді.

Жоғарғы Сотта «Әділеттілік – құқықтық қорғаудың басты өлшемі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті

08/09/2016

Бүгін Жоғарғы Сотта «Әділеттілік – құқықтық қорғаудың басты өлшемі» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараны Еуропалық Одақтың «Қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» жобасының қолдауымен Жоғарғы Сот және Бас прокуратура бірлесіп ұйымдастырды.

Жоғарғы Сот Ф. Эберт атындағы қормен және ЕҚЫҰ-мен бірлесіп, БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша семинар өткізді

07/09/2016

Алматы қаласында Жоғарғы Соттың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судьясы Елена Максютаның, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің саяси мәселелер және БАҚ жөніндегі ұлттық үйлестіруші Мария Дубовицкаяның, Ф.Эберт атындағы қордың басшысы Зәуреш Шутова, отставкадағы судья Инесса Қуанова, тәуелсіз заңгер Сергей Уткиннің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «БАҚ заңнамасы және сот ісін жүргізу формалары. Журналистердің құқығын қорғау» тақырыбында қорытынды семинар өтті.

Шығыс Қазақстан облысының соттары кәсіби қызметті бағалаудан өтті

01/09/2016

Ағымдағы жылдың 22-25 тамызы аралығында Шығыс Қазақстан облыстық соттарының судьяларын кәсіби бағалаудан өтті. Бағалау Жоғарғы Сот жанындағы Сот жюриінің біліктілік комиссиясы тарапынан жүргізілді.

Кәсіби қызметі бағаланатын Шығыс Қазақстан облысының соттары судьяларына еңбек өтілі 5 жылдан 20 жылға дейінгі аралықты құрайтын судьялар кіреді.

Беттер