Жоғарғы Сот

Жоғарғы Сотта «Төрелік туралы» Заңды қолданудың кейбір мәселелері талқыланды

30/06/2017

«Төрелік туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолданудың кейбір мәселелері» тақырыбында өткен «дөңгелек үстел» жұмысына Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың судьялары, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, республикадағы төрелік соттарының судьялары, «Атамекен» ҰКП Төрелік орталығы мен Сот төрелігі академиясының өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелде» азаматтық істер жөніндегі және мамандандырылған сот алқаларының төрағалары Еліс Әбдіқадыров пен Айгүл Қыдырбаева алғы сөз сөйледі.

Жоғарғы Соттың жалпы отырысы нормативтік қаулыларды қабылдады

29/06/2017

Қайрат Мәмидің төрағалығымен өткен Жоғарғы Соттың жалпы отырысы «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы», «Кассациялық сатыдағы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібі туралы» және «Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы» үш нормативтік қаулының жобасын қарады. 

Іс-шараға Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Әділет министрлігі мен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты. 

Қайрат Мәми лорд Гэри Вульфпен кездесті

28/06/2017

Астана қаласында Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Ұлыбритания Жоғарғы Сотының бұрынғы судьясы, лорд Гэри Вульфпен кездесті.

Кездесуге «Астана» Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов пен Астанадағы Лорд өкілі, АХҚО-ның сот пен Халықаралық арбитраж орталығын құру және дамыту бойынша сарапшысы Кристофер Кэмпбелл қатысты.

Қазақстанның құқықтық мәселелер жөніндегі делегациясының Ұлыбританияға сапары басталды

22/06/2017

Ағымдағы жылғы 21-24 маусым аралығында Қазақстанның құқықтық мәселелер жөніндегі делегациясының Ұлыбританиядағы сапары өтуде.  

Қазақстандық топты Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов бастап барды. Делегация құрамына Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми, Бас Прокурор Жақып Асанов, Ішкі істер министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, сондай-ақ КазБар қауымдастығының басқарушы кеңесі мен адвокаттар қауымдастығының бірінші басшылары мен өкілдері кірді. 

Қазақстан судьяларының делегациясы АҚШ-тың бірқатар соттарында болды

15/06/2017

2017 жылғы 19-30 сәуір аралығында қазақстандық судьялар Америка Құрама Штаттарында болып, іссапар шеңберінде барлық деңгейдегі бірқатар соттарда болды. Іс-шара «Ашық әлем» бағдарламасының аясында өтті.

Делегация құрамында Жоғарғы Соттың судьялары Талғат Баратбеков, Елена Максюта, Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Арман Шәмшиев, Астана қаласы сотының судьясы Алма Есімова мен Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының төрағасы Венера Тоқтарбаева болды. 

Жоғарғы Сотта терроризм мен экстремизмге қатысты қылмыстық істерді қарауда туындайтын мәселелер талқыланды

25/05/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта «Терроризм мен экстремизмге қатысты қылмыстық істерді қарауда туындайтын мәселелер» атты семинар-кеңес өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Жоғарғы Сот және жергілікті соттардың судьялары, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігінің өкілдері, Жоғарғы Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Сот төрелігі академиясы және Құқық қорғау органдарының академиясы қатысты.

Жоғарғы Сотта Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

18/05/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын бүкілхалықтық талқылау шеңберінде «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстел» болып өтті.

Қайрат Мәми Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барды

25/04/2017

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған делегацияның Сеул қаласына (Оңтүстік Корея) ресми сапары басталды.

Іссапар шеңберінде қазақстандық делегация Кореяның Жоғарғы Сотында болып, онда осы соттың төрағасы Янг Сынг-тэ мырзамен кездесті. Кездесу барысында Қ.Мәми кореялық әріптестерімен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін және өзара іс-қимыл орнатқан жылдар ішінде қалыптасқан екі жақты қарқынды байланыстың сенімді мәмілегерлік сипат алғанын атап өтті.

Облыстық соттар төрағалары ЖОО-да дәріс оқыды

21/04/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов құқықтық сауаттылық айлығының аясында Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде дәріс оқыды.

Дәріске жоғары оқу орындарының студенттермен бірге профессорлық-оқытушылық құрамы және БАҚ өкілдері, барлығы 200-ден астам адам қатысты.

Беттер