Жоғарғы Сот

Жоғарғы Сотта 2016 жылғы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары бойынша кеңейтілген кеңес өтті

27/01/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта «Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде қойған міндеттерін іске асыру» тақырыбында сот төрелігін жүзеге асырудың 2016 жылғы қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Жоғарғы Сотта халықаралық сарапшылардың қатысуымен судьялардың семинар-кеңесі өтті

26/01/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта халықаралық сарапшылардың қатысуымен жоғары сот органы судьяларының семинар-кеңесі өтті. Оған облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен әкімшілері, Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы, Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының төрағасы мен судьялары қатысты.

Жоғарғы Сотта «Заңдылық» атты сот пен прокуратураның ақпараттық-талдамалық жүйесінің жобасы таныстырылды

16/01/2017

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми мен Бас прокурор Жақып Асанов «Заңдылық» атты сот пен прокуратураның ақпараттық-талдамалық жүйесі жобасының таныстырылымына қатысты.

Кездесуге Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру жөніндегі Еуропалық Одақ жобасының өкілдері, бейнебайланыс арқылы – өңірлік судьялар мен прокурорлар қатысты.

Жоғарғы Соттың интернет-ресурсында «Жаңа сот актілерінің банкі» атты сервис іске қосылды

05/01/2017

Жоғарғы Соттың ресми интернет-ресурсындағы «Сот істері жөніндегі анықтамалық» сервисі азаматтардың сот төрелігіне қолжетімдігін жеңілдетуді көздейді. Оның міндеті – сот процесінің қатысушылары мен олардың өкілдеріне құқықтық шектеулерді ескере отырып, барлық сот сатыларының сот актілеріне рұқсат беру. Осы сервистің жұмыс істеуінің оң тәжірибесі пилоттық режимде «Жаңа сот актілерінің банкі» кеңейтілген сервисін әзірлеуге және іске қосуға негіз болды.

14 судья мен сот жүйесінің қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары атанды

13/12/2016

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы Гүлшара Әбдіқалыкованың төрағалық етуімен Шетелде кадрларды дайындау жөніндегі республикалық комиссиясының шешімімен 11 судья мен сот жүйесінің 3 қызметкерлеріне «Болашақ» стипендиясы берілді.

Жоғарғы Соттың жалпы отырыс төралқасының отырысы бейнебайланыс арқылы өтті

09/12/2016

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалығымен жалпы отырыс төралқасының отырысы болып өтті.

Отырыс жұмысына жалпы отырыс төралқасының мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері қатысты. Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов, аталған өңірдің сот алқаларының төрағалары, судьялары мен Соттар әкімшісінің басшылығы қашықтықтан қатысты.

Жоғарғы Сот ЖШС-нің пайдасына көрсеткен қызметі үшін оған ақы төлеу бойынша берешекті өндіріп алу туралы аралық соттың шешімімен келісті

08/12/2016

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы шартқа сәйкес көрсетілген қызмет үшін төлемақы ретінде бір жарым миллиардтан астам теңгені «Си Бу» Инженерная буровая компания» ЖШС-нің пайдасына «FIAL» БӨ-нен ақша өндіру бойынша аралық соттың шешімін бұзу туралы өтінішін қанағаттандырусыз қалдырып, бірінші сатыдағы соттың ұйғарымын күшінде қалдырған.  

Төменгі сотта қарауға негіз болған екі ЖШС-нің дауы мынадан  тұрады. 

Жоғарғы Соттың жанындағы Халықаралық кеңестің екінші отырысы өтті

22/11/2016

Бүгін Жоғарғы Соттың жанындағы Халықаралық кеңестің екінші отырысы өтті.

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Әлия Рақышева, Жоғарғы Соттың судьялары, облыстық және оған теңестірілген соттар төрағалары, Астана қаласының судьялары, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының басшылығы қатысты.

Қазақстан судьяларының делегациясы Қытайда үшінші Бүкіл дүниежүзілік Интернет-конференциясына қатысты

17/11/2016

Қазақстан делегациясы ҚХР Жоғарғы Халықтық Сотының Төрағасы Чжоу Цяннің шақыртуы бойынша үшінші Бүкіл дүниежүзілік Интернет-конференциясының жұмысына қатысты. Кездесу Чжэцзян провинциясының Учжэнь қаласында бүгін а.ж. 17 қарашасында өтті.

Делегация құрамына Жоғарғы Соттың судьясы Ұлболсын Сүлейменова, Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай, Жоғарғы Сот аппаратының ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі Серғазы Омаш және Алматы қалалық сотының Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Кирикбаев кірді.

Беттер