Жоғарғы Сот әкімшілік соттардың 2024 жылдың 1-тоқсанындағы жұмысын қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

         Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев облыстық және оған теңестірілген соттар, алқалар және әкімшілік соттар төрағаларының қатысуымен 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы әкімшілік іс жүргізу жұмысының қорытындысы бойынша бейнеконференцбайланыс арқылы кеңес өткізді.
Кеңесті ашқан А.Түкиев 2024 жылдың 1 тоқсанында бірінші сатыдағы соттарға 7 мыңнан астам талап қоюлар түскенін атап өтті. Екі кезеңмен салыстырғанда даулардың өсуі мемлекеттік сатып алулар (79%), сот орындаушылар (15%), салық (12%) және жер (1%) даулары бойынша байқалады.
          2 мыңнан астам іс қаралып, шешім шығарылды. Бұл ретте шешімнің 55,6 пайызы талап қоюшылардың пайдасына шығарылып, сот орындаушыларына талап қоюларды есепке алмағанда, бұл көрсеткіш 60,4 пайызды құраған.
Тараптардың татуласуымен аяқталған істердің 12%-ға жуығын айта отырып, спикер татуластыру рәсімдерінің саны 20,2%-ға (763-тен 917-ге дейін), соның ішінде
сот орындаушыларымен жиі татуласу – 57,4%-ға (2023 ж. 1 тоқсан – 47,5%) артқанын атап өтті.
Салық бойынша дауларда өсім 2,3 есеге жеткен. Сондай-ақ, 1553 іс (21%) талап қоюды қайтарып алумен қайтарылды. Көп жағдайда бұл даудың аяқталғанын білдіреді.
Алқа төрағасы жазбаша іс жүргізуде 777 іс қаралғанын, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге көп екенін атап көрсетті.
Сонымен бірге, бұл бағытта көптеген соттар нәтижелі жұмыс атқарып жатқанына тоқталды.
           Кеңеске қатысушылар соттардың жұмысын ұйымдастыру, орындау мерзімдерін сақтау, істердің соттылығы мен ведомстволық соттылығы, сот практикасын шоғырландыру және т.б. мәселелерді талқылады.
Спикердің айтуынша, апелляцияда сот төрелігін жүзеге асыру сапасы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға жақсарып, күші жойылған және өзгертілген шешімдердің жалпы көрсеткіші 8,1%-ды (2023 жылғы 1-тоқсан – 9,9%) құраған.
Өткен тоқсанда Жоғарғы Сотпен жергілікті соттардың 135 актісі түзетілді, бұл қаралған істер санының 17,2%-ын құрады (2023 жылдың 1 тоқсанында – 144 және 20,5%).
1 мыңнан астам іс бойынша соттар жоғары тұрған әкімшілік органнан (лауазымды тұлғадан) уәжді ұстаным талап етіп,
55 ақшалай өндіруді тағайындады.
           Тиісті талдау жақын арада жарияланады.
           Алқа төрағасы су тасқынының қиын жағдайына байланысты соттарды істерді ақылға қонымды мерзімде қарауға, тараптардың отырыстарға онлайн қатысу мүмкіндігін ескеруге шақырды.
Кеңес соңында А.Төкиев сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру, заңның біркелкі орындалуын қамтамасыз ету, әкімшілік іс жүргізудің принциптері мен міндеттерін сақтау қажеттілігіне кеңеске қатысушылардың назарын аударды.

Источник: 
Жоғарғы Соттың Баспасөз қызметі