Архив событий

01/03/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының Тимирязев аудандық соты ұрлық жасады деп айыпталған айыпталушыны ақтады

01/03/2016

 2016 жылғы 3 қаңтарда Т.Левченко үй есігінің құлпы жұлынғанын және телефонның жоғалғанын көрген, содан кейін полицияға қоңырау шалып, ұрлық туралы хабарлаған.

Жоғалту фактісі анықталғанға дейін Т. Левченко мен онымен бірге тұратын Д.Ивановтың арасында құлыпты жұлып алып, ағасымен ішімдік ішкені үшін жанжал болған. Жанжалдан кейін Д.Иванов үйден кеткен.

Қызылорда облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айырылды

01/03/2016

2015 жылдың қаңтарында М.Жұмағұлов заңсыз жолмен пайда табуды көздеп, ұйымдасқан топ құрып, оны  басқарған. Ұйымдасқан қылмыстық топқа  М.Жұмахметов, Х.Тілеубергенов, Н.Оспанов, А.Алдашев, М.Алдашев, А.Грызунов – 6  азамат  өз еркілерімен кірген.

Жоғарғы Сот Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді

01/03/2016

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді.

Бұл күні Қайрат Мәмидің қабылдауында республика бойынша 9 адам болды.

Жоғарғы Сот Төрағасына жүгінгендердің көбісі жергілікті соттардың шығарған сот шешімдерімен келіспейтіндіктерін жеткізді. Осы азаматтарға заңнамаға сәйкес жоғары сот сатыларына шағым келтіру тәртібі түсіндірілді.

Жоғарғы Сот Төрағасының қабылдауында болғандар өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Халықаралық сарапшылар есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу мәселелерін талқылады

01/03/2016

1 наурызда Астанада «Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық істер бойынша сот ісінің мониторингі» аймақтық бағдарламасының нәтижелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотына этномәдени орталықтардың өкілдері келді

01/03/2016

Алғыс айту күнін мерекелеу аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотына өзбек этномәдени орталығының төрағасы И.Хошимжанов, шешен-ингуш этномәдени орталығының төрағасы Х.Бациев, иран этномәдени орталығының төрағасы Н.Капар-Пур және Қазақстан кәрістері қауымдастығы ОҚО филиалы төрағасының орынбасары Е.Ким және «Моранбон» кәріс халық ансамблінің әртістері келді.                                                                       

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары ҰОС және еңбек ардагерін «Алғыс күні» мерекесімен құттықтады

01/03/2016

 «Алғыс күні» мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Ұлы Отан соғысының және  сот жүйесінің ардагері, облыстық соттың бұрынғы судьясы Виктор Меньшиковті  арнайы барып құттықтады.

Виктор Меньшиков 1926 жылы 28 желтоқсанда дүниеге келген. 17 жасында  жасөспірім майданға өз еркімен аттанған. Жауынгердің ерен еңбегі II дәрежелі  Отан соғысы орденімен бағаланып, «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны алғаны үшін», «Польшаны босатқаны үшін», «Германияны жеңгені үшін»  және тағы да басқа медалдармен марапатталған.

Ақмола облыстық соты Алғыс айту күнін атап өтті

01/03/2016

Ақмола облыстық соты Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік филиалымен бірлесіп, жастарды отансүйгіштікке, этносаралық толеранттылыққа баулу мақсатында Алғыс айту күніне арналған салтанатты кездесу өткізді.