Архив событий

30/03/2016

Ақтөбе қалалық сотында жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен жәбірленушілердің құқығы қорғалды

30/03/2016

Ақтөбе қалалық соты талапкерлер азамат Ш. мен Қ.-ның жауапкер азамат Н.-ге жол көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық ісін қарады.

Сотта істі қарау барысында, 2014 жылдың тамыз айында жауапкер Н. «ЛАДА 21703» маркалы автокөлікті басқарып, қарсы алдындағы «ЛАДА 21144» маркалы автокөлігіне соқтығысқаны анықталды. Аталған жол көлік оқиғасынан талапкердің жұбайы мен немересі қаза тауып, баласына дене жарақаты келтірілген.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Шығыс Қазақстан облысының судьяларымен кездесті

30/03/2016

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты Евгений Козлов Шығыс Қазақстан облысының судьяларымен кездесті.

Кездесу Шығыс Қазақстан облыстық сотының ғимаратында өтті.

Облыстық сот төрағасы Досжан Әміров Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің және судьялар қауымдастығының атынан Евгений Козловты ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайлануымен құттықтады.    

Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби қызметін бағалады

30/03/2016

Сот жюриінің біліктілік комиссиясы жұмыс істеп жүрген судьялардың кәсіби қызметін бағалады. Бағалау судьялар корпусының сапалық құрамын жақсарту, олардың кәсіби біліктіліктерін арттыруды ынталандыру, істерді қарау барысындағы заңдылықты нығайтуға жауапкершіліктерін арттыру, азаматтардың құқықтары мен қоғамның мүддесін қорғау мақсатында жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 24-28 наурыз аралығында алғаш рет жоспарлы түрде Астана соттары судьяларының кәсіби қызметі бағаланды.

Жоғарғы Сотта Дубай халықаралық қаржы орталығының өкілдерімен кездесу өтті

30/03/2016

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қыдырбаева мен Жоғарғы Сот судьялары  Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) Дауларды шешу жөніндегі басқармасының консалтинг жөніндегі департаментінің директоры Молдовиани Михаэл-Корнелимен кездесті.

Кездесу барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығының соты мен арбитраждық орталықты құру бойынша ұсынымдары және консультативтік қорытындысын әзірлеу мәселелері талқыланды.

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты жетім балалардың құқығын қорғады

30/03/2016

Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты азамат Д-ның төрт азаматқа және «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ-на, «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қорғаншылық және қамқоршылық органына қатысты жекешелендіру шартын және сату-сатып алу шартын заңсыз деп тану туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Сот «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ әкімшілігі 1982 жылы өз жұмысшысы Р-ға үш бөлмелі пәтер түрінде тұрғын үй бергенін, ол үйді Р. кейіннен өзінің қызына, күйеу баласы мен немерелеріне тіркегенін анықтады.

Атырауда сот ЖШС-нің жұмыстан заңсыз шығарылған жұмыскерін бұрынғы жұмысына қайта орналастырды

30/03/2016

С.Өтебаева Атырау қалалық сотына «ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС-тегі бұрынғы жұмысына қайта орналастыру және амалсыз бос жүрген уақытына еңбек ақы өндіру жөнінде талап арызбен жүгінді.

Жоғарғы Сот сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушыларды сауалнамаға қатысуға шақырады

30/03/2016

Жоғарғы Сот ағымдағы жылғы 4 сәуірден бастап сот процесіне қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисін тұтынушылар арасында online-сауалнама жүргізуді бастайды.

Сауалнама жүзеге асырылып жатқан реформалар, сондай-ақ «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде қазақстандық соттар жұмысының сапасы мен қолжетімділігіне азаматтардың қанағаттанушылық деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі.