Архив событий

16/03/2016

Қазақстан Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясына кіруге ниет білдірді

16/03/2016

Бүгін Жалпы істер жөніндегі кеңес отырысы мен Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының саясаты барысында Нидерланд корольдігінің Сыртқы істер министрлігі өкілдеріне Қазақстан Республикасының Гаага конференциясына кіру ниеті туралы хатты берудің ресми рәсімдері өтті.

Құжатты Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Мұрзамадиева табыстады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының бұрынғы басшысы үш жылға бас бостандығынан айырылды

16/03/2016

Шығыс Қазақстан облысы Зырян аудандық соты  қызметтік жалғандық жасады деп айыпталған «Зырян ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің бұрынғы басшысы М.Жүнісовке қатысты қылмыстық істі қарады.

Қызылорда қалалық сотына Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері келді

16/03/2016

Қызылорда қалалық сотының төрағасы Алмат Бабатов Қазақстан Республикасындағы сайлаудың өту барысын бақылайтын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері Давид Левин мен Юулиан Дерманды қабылдады.

Кездесі барысында А.Бабатов «Сайлау туралы» Заңның ережелеріне, сайлау заңнамасын бұзуға байланысты азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарау тәртібіне тоқталып өтті. Ол қонақтарға бүгінгі күні депутаттыққа кандидаттан сотқа сайлау құқығының бұзылу фактісі бойынша бір арыз түскендігі айтып, қаралу қорытындысымен таныстырды.