Архив событий

31/03/2016

Жоғарғы Соттың жалпы отырысында соттардың бала асырап алу туралы заңнаманы қолдану практикасы талқыланды

31/03/2016

Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми кезекті жалпы отырысты өткізді.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты.

Жалпы отырыстың күн тәртібінде «Соттардың бала асырап алу туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының жобасы мен Сот жюриінің регламентін бекіту туралы екі мәселе қаралды.

Шымкентте сот банк тарапынан бұзылған азаматшаның құқығын қалпына келтірді

31/03/2016

Шымкент қаласының тұрғыны Г.Жанболатова Абай аудандық сотына «Еуразиялық банк» акционерлік қоғамынан алған несиесін уақтылы төлей алмағандықтан, оның жалақы алатын есеп-шотын банк жауып тастағанын және үш ай бойы жалақысын түгелдей несие қарызына ұстап қалып отырғанын көрсетіп, талап арызбен жүгінген. Банктің осы әрекетінен арызданушының күн көрісі қиындап кеткен. Істі сотта қарау барысында Г.Жанболатованың арызда көрсеткен уәждері толық расталған.