Архив событий

08/03/2016

Құрметті ханымдар!

08/03/2016

Сіздерді 8-наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Көктемнің осы шуақты мерекесі – әйел болмысына тән сұлулықты, мейірімділікті, ақыл-парасат пен іскерлікті үлгі тұтып, оларға лайықты сый-құрмет көрсетуге тамаша мүмкіндік беретін мерейлі күн. Қазақстан қоғамында әйелдер, ең алдымен, аяулы ана, сүйікті жар, екіншіден, кәсіби маман, жауапты лауазым иесі. Ел сенім артқан тұлға ретінде қоғамға танымал абзал жандар. Олардың белсенді қызметі қоғам дамуына қуатты серпін беретіні баршамызға аян.