Архив событий

24/03/2016

Сот кәмелетке толмаған адамға тәрбиелiк ықпал ету шарасын қолданды

24/03/2016

Кәмелетке толмаған Д-ның Ақмола облысы Бұланды ауданының Капитоновка ауылында автокөлікті басқарып, ішкі істер органдары қызметкерінің көлiк құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны анықталды.

Қазақстан Республикасының Судьялар одағы Лисаков қалалық сотын грамотамен марапаттады

24/03/2016

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев Қазақстан Республикасы Судьялар одағының грамотасын Лисаков қалалық сотының төрағасы Арыстанбай Салмұхамбетовке табыстады.

Қарағандыда сот жүйесінің ардагерін мерейтойымен құттықтады

24/03/2016

95 жасқа толған отставкадағы судья, сот жүйесінің еңбек сіңірген ардагері Зоя Кузнецованы Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Қарағанды филиалының төрағасы Н.Кузнецова, облыстық соттың судьясы А.Даненова, Қарағанды облысының ардагерлер-судьялар кеңесінің төрағасы Е.Евенбаев үйіне барып құттықтады.

Зоя Дмитриевнаға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің атынан «Сот жүйесінің құрметті ардагері» медалі және Қарағанды облыстық сотының төрағасы М.Әлімбековтің атынан алғыс хат тапсырылды.

БҚО-ның апелляциялық сот сатысы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық бойынша айыпталған бұрынғы екі мемлекеттік қызметшіге қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды

24/03/2016

Т.Нагибов Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің аға тергеушісі бола тұрып, қылмыстық іс бойынша тергеуге дейінгі өндіріс шеңберіндегі «Евразия строй капитал 2007» ЖШС-нің бухгалтерлік құжаттарын өзіне алып, құжаттарды делдал М.Сатыбалдиев арқылы, 15 000 АҚШ доллары (2 789 250 теңге) көлеміндегі ақшалай сыйақыға ЖШС директорының орынбасарына қайтарып берген.