Архив событий

05/03/2016

Жоғарғы Сотта 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

05/03/2016

Бүгін Жоғарғы Сотта 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.

Жиынға қатысқан ханымдарды Жоғарғы Соттың Төрағасы мен ұжым атынан төл мерекелерімен құттықтай келе, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин әйелдердің Қазақстан қоғамы мен оның құндылықтарын дамытудағы зор үлесіне Мемлекет басшысының үнемі зор мән беретіндігін атап өтті.

Қостанай облысының соттары 8 наурыз мерекесі қарсаңында «Жақсылық жаса – жақыныңа көмектес» атты қайырымдылық акциясын өткізді

05/03/2016

Қостанай облыстық сотының төрағасы А.Мерғалиевтің бастамасымен ұйымдастырылған «Жақсылық жаса – жақыныңа көмектес» атты қайырымдылық акциясы аясында облыстық сот судьялары Қостанай қаласындағы «Ана үйі» дағдарыс орталығында болды.

Қайырымдылық шарасына Қостанай облысының барлық соттарының қызметкерлері мен судьялары атсалысты.

Аудандық соттар мұндай акцияны жергілікті жерлерде өткізіп, балалар үйіне, мектеп-интернаттар мен көмекке зәру отбасыларға жәрдем көрсетті.