Архив событий

10/03/2016

Сот тыл еңбеккерінің ҰОС жылдарындағы еңбек өтілін растады

10/03/2016

Алматы тұрғыны З.Назарова арнайы мемлекеттік жәрдемақы алу үшін құжаттарын ресімдеген. Осы ретте оған Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, атап айтқанда 1944 жылдың қыркүйегі мен 1945 жылдың мамыры аралығындағы еңбек ету фактісін мойындату қажет болды.

Осы мақсатта З.Назарова Алматы қаласының Медеу аудандық сотына арызбен жүгінген.

Атырау облыстық сотында өткен дөңгелек үстелде татуластыру рәсімдері талқыланды

10/03/2016

Атырау облыстық сотында облыстағы судьялардың, прокуратура, адвокатура өкілдерінің, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қатысуымен «Татуластыру рәсімдері» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.

Алғы сөзді оқу бағдарламасының үйлестірушісі, облыстық сот судьясы Г.Нұржігітова алып, татуластыру рәсімдерінің сот өндірісіндегі маңыздылығын айтып өтті.