Архив событий

17/03/2016

Көкшетауда 116 жол көлік ережесін бұзған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

17/03/2016

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2016 жылдың басынан жолдың қарсы жүруге арналған жағына шыққаны үшін, көлік құралдарын басқарған тұлғаларға қатысты 116 әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, 116 құқық бұзушылар Жол жүру қағидасының 9-бөлімінің 2-тармағының талаптарын бұзған төрт немесе одан да көп жолағы бар екіжақты жүру жолдарында жолдың қарсы жүруге арналған жағына шығуға тыйым салынады, яғни бұл іс-әрекетімен жол қозғалысына қауіп төндірген.

Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің бұрынғы командирі сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі көлемде жымқырғаны үшін сотталды

17/03/2016

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімінің командирі бола тұра, подполковник Ж.Ережепов өзінің әскери шені және лауазымдық қызметі бойынша ұйымдастырушы-басқарушы  және әкімшілік-шаруашылық қызметін атқара отырып, «Барлас-М»  ЖШС-тің  директоры азамат  Е.Кәрібаевпен алдын ала сөз байласу арқылы, құрылыс заттарының жеткізілімі туралы жалған келісім жасап, ақша ұрлаған, істеген қылмыстарымен 3 239 040 теңге көлемінде зиян келтірген.  

Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткер ерлі-зайыптыларды өлтірген кәмелеттік жасқа толмағандар сотталды

17/03/2016

2015 жылғы 25 қазанға қараған түні Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қаласында кәмелеттік жасқа толмаған Денис Майер, Виктор Трошихин және Андрей Майер егде жасқа келген ерлі-зайыптылар С-ның үйіне кіріп, қарақшылық шабуыл жасап, оларды өлтірген.

Қылмыскерлер зейнеткерлердің үйінен 300 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты ұрлап, одан кейін үйдегі қанның іздерін жуып кетіріп, жәбірленушілердің мәйіттерін қараусыз қалған зауыттың аумағына алып келіп, онда оларды су резервуарына лақтырып жіберген.

Қызылордада судьялар мен медиаторлар дауларды шешудің баламалы әдістерін қолдану мәселелерін талқылады

17/03/2016

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің кәсіби медиаторлары бірлесіп, «Медиация институтының дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараны ашу барысында сот төрағасы А.Дәуренбеков медиацияның дауларды реттеудегі балаламалы әдістердің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

Жамбыл облыстық соты заңсыз жұмыстан шығарылған жұмысшының құқығын қорғаудағы Тараз қалалық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды

17/03/2016

Жамбыл облыстық соты талап қоюшы Н.Күлсариевтің жауапкерлер «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-на, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Жамбыл жол бөлімшесі» филиалына, «Қазақстан Темір Жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Тасымалдау үрдісі дирекциясы» филиалына тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтарды заңсыз деп тану, жұмысқа қайта орналастыру, бос жүрген уақытына жалақы өндіру, келтірілген моральдық залалдың өтемақысын өндіру туралы Тараз қалалық сотының шешіміне жауапкердің өкілінің шағымы бойынша келіп түскен азаматтық ісі қарады.

Павлодар облысының судьялары мен сот орындаушылары сот актілерінің орындалу мәселелерін талқылады

17/03/2016

Павлодар облысының ауданаралық экономикалық сотында судьялардың, әділет департаменті басшылығының және сот орындаушыларының қатысуымен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Заңды қолдану мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» өткізді.

В Алматинской области осуждены бывшие сотрудники детского сада за получение взятки и посредничество во взяточничестве

17/03/2016

Алматы облысы Балқаш аудандық соты Бақбақты ауылының «Арман» мектепке дейінгі мекеме» МКҚК-нің меңгерушісі айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін сотталушы С.Әмірқұловаға қатысты қылмыстық іс қарады.

С.Әмірқұлова мемлекеттік қызметті атқаратын теңестірілген тұлға бола тұра, «Арман» балабақшасының тәрбиеші лауазымына жұмысқа орналасу үшін балабақшаның делдал әдіскері Г.Эрданаева арқылы ауыл тұрғынынан 100 000 теңге мөлшерінде пара алған.