Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткер ерлі-зайыптыларды өлтірген кәмелеттік жасқа толмағандар сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылғы 25 қазанға қараған түні Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қаласында кәмелеттік жасқа толмаған Денис Майер, Виктор Трошихин және Андрей Майер егде жасқа келген ерлі-зайыптылар С-ның үйіне кіріп, қарақшылық шабуыл жасап, оларды өлтірген.

Қылмыскерлер зейнеткерлердің үйінен 300 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты ұрлап, одан кейін үйдегі қанның іздерін жуып кетіріп, жәбірленушілердің мәйіттерін қараусыз қалған зауыттың аумағына алып келіп, онда оларды су резервуарына лақтырып жіберген.

Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Денис Майер және Виктор Трошихин қарақшылық және адам өлтіргені, Андрей Майер қарақшылық және қылмыстық құқық бұзушылыққа көмек көрсеткені үшін үшін кінәлі деп танылды.

Жаза тағайындаған кезде сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 81-бабының 7-бөлігімен қарастырылған ережелерді басшылыққа алды, оған сәйкес кәмелеттік жасқа толмағандарға бас бостандығынан айыру жазасы 12 жылдан жоғары мерзімге тағайындалмайды. Сот сонымен  қоса сотталғандардың жеке тұлғасын, әрқайсысының қылмысты жасауға қатысу дәрежесін ескерді.

Қылмыстың жиынтығы бойынша сотталғандар: Д.Майерге 12 жылға бас бостандығынан айыру түрінде, А.Майерге 10 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды, олар жазаларын жалпы режимдегі тәрбиелеу колониясында өтейді, В.Трошихинға қатаң режимдегі түзету колониясында жазасын өтеумен 11 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды.

Жәбірленушінің 2 000 000 теңге көлемінде моральдық шығынды өтеу туралы азаматтық талап қою арызы толық көлемде қанағаттандырылды, материалдық шығынды өтеу туралы талап қою арызы 251 795 теңге көлемінде қанағаттандырылды.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі