Архив событий

04/03/2016

Атырауда сот қызметкерлері ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты

04/03/2016

Бүгін Атырау қаласының орталық даңғылында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Фариза Оңғарсыноваға арналған еңселі ескерткіш бой көтерді.

Ескерткішті Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов салтанатты түрде ашты. Іс-шараға әдебиет, өнер, мәдениет, қоғам  қайраткерлері, жоғарғы, арнаулы оқу орындары мен мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен БАҚ өкілдері көптеп жиналды. Ақиық ақынға құрмет көрсету салтанатына Атырау облысы соттарының қызметкерлері де келді.

Алматыда өтіп жатқан Халықаралық конференцияның екінші күнгі сессиясына қатысушылар сот төрелігі саласындағы қылмыстық процестік заңнаманы іске асыру шараларын талқылады

04/03/2016

Бүгін Алматы қаласында «Процестік заңнаманы жаңғырту – сот төрелігі және құқық қорғау қызметі тиімділігінің кепілі» атты халықаралық конференцияның екінші жұмыс күні өтті. Өзінің алғы сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми сот төрелігі саласындағы қылмыстық-процестік заңнаманы іске асырудың негізгі қорытындылары мен оны одан әрі жетілдірудің келешегі туралы айтты.

Қызылорда облысында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

04/03/2016

Бүгін Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында өткен жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылдың 25 ақпанындағы №203 Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстыру рәсімі өтті.

Жаңадан тағайындалған судьяларды таныстыру рәсіміне Қызылорда облыстық сотының төрағасы мен алқа төрағалары және судьялары, Соттар әкімшілігінің басшысы қатысты.