Архив событий

02/03/2016

Ақтөбеде жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

02/03/2016

Бүгін Ақтөбе облыстық сотының судьяларының жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 ақпандағы  «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» №203 Жарлығымен жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды.

Жалпы отырыс жұмысына облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов, облыстық соттың алқа төрағалары, судьялары мен мамандары, қалалық және мамандандырылған соттардың төрағалары, құқық қорғау органдарының және БАҚ өкілдері қатысты. 

Солтүстік Қазақстан облысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды қолдану мәселелерін талқылады

02/03/2016

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында семинар өтті. Оның барысында семинарға қатысушылар – Қаржылық бақылау инспекциясының, қазынашылық органдарының, Петропавл қаласының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын қолданудың өзекті мәселелерін талқылады.

Атырау облысының судьялары дауды бейбіт жолмен реттеуге ықпал етуде

02/03/2016

Атырау облысының соттары Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабына және жаңа Азаматтық процестік кодекстің 4-бабына сәйкес, азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулаған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғап және қалпына келтіріп қана қоймай, сот өндірісіне қабылданған даулардың бейбіт жолмен реттелуіне ықпал жасауда.