Архив событий

28/03/2016

Электрондық атқару парағы іске қосылды

28/03/2016

Жоғарғы Сот Әділет министрлігімен бірлесіп, «Төрелік» сот органдары ақпараттық жүйесі мен атқарушылық іс жүргізу органдары автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл шегінде жаңа қызметті іске қосты. Осының нәтижесінде атқару парақтарын орындау үшін әділет органдары мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарына электрондық құжат түрінде жіберуге қол жетті. Сонымен қатар, соттар сот орындаушыларының қаулыларын электрондық санкциялауды іске асыратын болды.

Қайрат Мәми Сингапур Республикасының Қазақстандағы Елшісімен кездесті

28/03/2016

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Сингапур Республикасының Қазақстандағы Елшісі Зулкифли Бахарудинмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Сингапур арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары мемлекеттік қызмет, электронды үкімет, білім беру, бюджеттік жоспарлау, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту секілді салалардың кең ауқымын қамтитындығы аталып өтілді.

Қостанайда сот жеке кәсіпкерден жұмыскер пайдасына еңбекақы бойынша 2 млн. теңгеге жуық қарыз сомасы өндірді

28/03/2016

2014 жылғы 2 маусымда қостанайлық Нұрболат Қамысбай жеке кәсіпкер Владимир Лиммен екі жыл мерзімге еңбек келісім шартын жасап, заңгер ретінде жұмысқа орналасқан. Зеңгердің қызметтік міндеттері келісім-шарт жобаларын дайындау, құқықтық құжаттарға сараптама жасауға байланысты болған.

Бұл жұмыстарды Н.Қамысбай ерікті жұмыс күн тәртібі бойынша жүзеге асырған. Еңбек келісім-шарты бойынша оның еңбекақысының мөлшері 150 000 теңге мөлшерінде белгіленген. Бұл соманың 112 500 теңгесі жалақы, 37 500 сыйақы болған.