Архив событий

29/03/2016

Павлодар облысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының жаңа шаралары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

29/03/2016

Павлодар облыстық соты мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Павлодар облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының жаңа шаралары» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысына облыс судьялары, мемлекеттік қызметшілер, прокуратура,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, азаматтық ұйымдар мен  БАҚ өкілдері, облыстың ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысының соты жұмыс берушіден жұмысшылардың пайдасына 6 млн. теңгеден астам жалақыны өндірді

29/03/2016

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық сотына «СБИ-Агро Ташкентка» ЖШС-нің 50 жұмысшысы жұмыс берушінің Еңбек кодексінің талаптарын бұзғандығын негізге ала отырып, жалақы бойынша берешекті өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінді.

Сот «СБИ-Агро Ташкентка» ЖШС-де жұмыс істейтін талапкерлерге жұмыс берушінің жалақы төлемегендігін анықтады.

Ақтауда сот интернеттегі алаяқтар жүйесіне алданып қалған талапкердің талап арызын қанағаттандырудан бас тартты

29/03/2016

Ақтау қаласының тұрғыны Ш., интернет арқылы Лавров Михаил деген адаммен танысып, автокөліктердің төмен бағаларына қатысты оның ұсыныстарына қызығып, автокөлікке тапсырыс беріп, оған МоneyGram жүйесі арқылы Португалияға жалпы сомасы 16 400 АҚШ доллары көлемінде ақша аударған.

Тауарды сатып алу Мәскеу қаласында жүзеге асырылуына байланысты, ол жерге мәмілені ресімдеу үшін тауарды сатушы М.Лавров келуі керек болған.