Архив событий

03/03/2016

ШҚО-да сот ЖШС-ні жұмысшыларға еңбекақы бойынша қарызды төлеуге міндеттеді

03/03/2016

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы «Первомайский механикалық зауыты» ЖШС-не нұсқаманы орындауға міндеттеу туралы талап арызбен жүгінді.

Жұмысшылардан түскен арыздардың негізінде мемлекеттік еңбек инспекторы «Первомайский механикалық зауыты» ЖШС-де еңбек заңнамалары нормаларының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізген.

Жоғарғы Сот жанындағы департамент басшысы І. Испанов сот жүйесіндегі кәсіби кадрларды даярлаудағы өзгерістер туралы БАҚ-та сөз сөйледі

03/03/2016

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов сот жүйесіндегі кәсіби кадрларды даярлау бағытындағы елеулі өзгерістер туралы БАҚ-та сөз сөйледі.

Қазақстанның Жоғарғы Сотына ЕҚЫҰ ДИАҚБ өкілдері келді

03/03/2016

Астанада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева ЕҚЫҰ-ның

Демократия институттары және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлауды байқаушылар миссияның басшысы Борис Фрлецпен және осы ұйымның құқықтық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Меган Фитджеральдпен кездесті.

Қостанайда жас судьялар ант қабылдады

03/03/2016

Қостанай облыстық сотында жаңадан тағайындалған жас судьялардың ант қабылдауы рәсімі өтті.

Ағымдағы жылдың 25 ақпанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қостанай облысының аудандық және оған теңестірілген соттарына судья болып келесі тұлғалар тағайындалды: бұған дейін прокуратура органында қызмет атқарған Е.Мақамбетов Жітіқара аудандық сотының судьясы болып тағайындалды.

Бүгін Алматы қаласында «Процестік заңнаманы жаңғырту – сот төрелігі және құқық қорғау қызметі тиімділігінің кепілі» тақырыбында халықаралық конференция өз жұмысын бастады

03/03/2016

Бүгін Алматы қаласында «Процестік заңнаманы жаңғырту – сот төрелігі және құқық қорғау қызметі тиімділігінің кепілі» тақырыбында халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

Атырау қалалық әкімдігі жанынан медиация кабинеті ашылды

03/03/2016

Атырау қалалық соты Атырау қаласының әкімдігімен бірлесіп, әкімдік ғимаратында медиация кабинетін ашты.

Оның ашылу салтанатына Атырау облыстық сотының судьясы Г.Исемберлиева, Атырау қалалық сотының төрағасы А.Ерманов, Судьялар Одағы филиалының төрағасы Е.Үбіғалиев, сондай-ақ «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ медиаторлары мен қала әкімі аппаратының өкілдері қатысты.

Қостанай облысында сот зейнеткерді ақтады

03/03/2016

Қостанай облысының Меңдіқара аудандық соты 61 жастағы зейнеткер Нина Мартыненкоға қатысты ақтау үкімін шығарды.

Жәбірленушінің сөзінше, 2015 жылдың қазан айында Боровой ауылында белгісіз біреулер есіктегі құлыпты ашу арқылы оның үйіне заңсыз кіріп, ұялы телефоны мен тоңазытқыштағы азық-түлігін ұрлап кеткен.

Н.Мартыненко ұрлыққа түскендерді жауаптылыққа тарту үшін Меңдіқара аудандық ішкі істер бөліміне  жазбаша арызбен жүгінген.