Архив событий

25/03/2016

Астанада сот репортерлеріне арналған семинар-тренинг өтуде

25/03/2016

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі, Фридрих Эберт атындағы Қордың өкілдігі және «Сот репортерлерінің гильдиясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен сот-құқықтық тақырыбына маманданған журналистерге арналған «Сот репортерлерінің мектебі» атты семинар-тренинг өз жұмысын бастады.  

Петропавл қалалық соты бұрынғы полиция қызметкерін пара алғаны үшін соттады

25/03/2016

Сот полициясының аға лейтенанты Самал Құдабаева Петропавл қаласының ІІБ анықтау бөлімінің қылмыстық істерді тергеу бойынша тобының анықтаушысы қызметін атқарып, лауазымды адам және билік өкілі бола тұра, С.Калыковадан алаяқтық фактісі туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеуді тоқтату үшін 80 000 теңге сомасында ақша қаражатын алғаны анықтады.