Архив событий

01/04/2016

БҚО-да Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің бірінші отырысы өтті

01/04/2016

Ағымдағы жылдың 29 наурызы Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесінің бірінші отырысы өтіп, отставкадағы судья Вера Петровна Логвинова Кеңестің төрағасы, Батыс Қазақстан облысы бойынша Кәсіподақтар орталығының заңгері Маусымжан Ержанқызы Жүсібалиева Кеңестің хатшысы болып бір ауыздан сайланды.

Шығыс Қазақстанда бітімгершлік рәсімдері бойынша меморандумды жүзеге асыру аясында практикалық семинар өтті

01/04/2016

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында облыстық сот төрағасы Д.Әміровтың төрағалық етуімен 2016 жылдың 24 ақпанында республикада алғаш рет бітімгерлік рәсімдері бойынша жасалған меморандум аясында «Жаңа АПК: бітімгерлік рәсімдері – насихаттау, енгізу азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізуде оларды қолдану»  тақырыбында практикалық семинар өткізілді.

Әскери сотта жаңа АПК-ның мәселелері талқыланды

01/04/2016

Әскери сотта өткен дөңгелек үстелде оған қатысушылар – әскер соттардың судьялары, Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасының, сондай-ақ үш әскери бөлім өкілдері жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодексті қолдану ерекшеліктерін талқылады.

Дөңгелек үстелді Әскери сот төрағасының міндетін атқарушы Ә.Қаженов ашып, қатысушыларға Азаматтық процестік кодекстің ерекшеліктерін түсіндіріп өтті.

Жамбыл облыстық сотында «Ашық есік күні» өтті

01/04/2016

Жамбыл облыстық сотында өткен «Ашық есік күніне» Жамбыл облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н.Абидов, Сот әдебі комиссиясының төрағасы А. Тілепов, Жамбыл облыстық сотының судьясы Ғ. Күлекеев, Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Ә. Құлдүйсенов, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.