Архив событий

21/04/2016

Ақтөбе қалалық соты инженерді жұмысқа қайта орналастырды және 1 671 120 теңге көлемінде мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін еңбекақы өндірді

21/04/2016

Талапкер А. «УО» ЖШС-не жұмысқа қайта орналастыру және  мәжбүрлі бос жүрген уақыты үшін еңбекақы сомасы мен 1 000 000 теңге көлемінде моральдық зиян өндіру туралы арызымен Ақтөбе қалалық сотына жүгінді.

Ақмола облыстық сотында судьялыққа кандидаттарды талқылау бойынша жалпы отырыс өтті

21/04/2016

Ақмола облыстық сотында өткен жалпы отырыстың жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин қатысты.

Анатолий Смолин «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру мақсатында судьяларға қойылатын талаптар мен судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерінің күшейгені жөнінде айта келе, судьяларды кандидаттарды талқылау жұмысына жауапкершілікпен қарауға және кәсіби, адамгершілік-моральдық жағынан лайықты кандидаттарды іріктеуге шақырды.

Атырауда даулы іс апелляциялық сатыда қаралу барысында партисипативті рәсім тәртібінде реттелді

21/04/2016

Атырау облыстық соты талапкерлер А.Бөрібаева мен Е.Жұпарғалиеваның жауапкерлер Г.Ералина мен А.Әбішке қатысты жер учаскесін заңсыз бөтен иеліктен шығару және өз еркімен салған құрылыстарды бұзуды міндеттеу туралы азаматтық істі  қарау барысында дау партисипативті рәсім тәртібінде реттелді.