Архив событий

29/04/2016

Жоғарғы Сот судьясы Р.Жакудина облыстық соттардың судьялары үшін оқыту семинарын өткізді

29/04/2016

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Роза Жакудина «Аффект жағдайында қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қылмысты дәрежелеу сұрақтары. Қажетті қорғаныс» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға бейнебайланыс арқылы республиканың жергілікті соттарының 400-ге жуық судьялары, соның ішінде облыстық және оған теңестірілген соттар төрағалары қатысты.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мен Медиацияны дамыту орталығы ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

29/04/2016

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өткен кездесуде судьялар мен медиаторлар татуласу рәсімдері институтын дамыту тақырыбын талқылады.

Талқылауға прокуратура, құқық қорғау органдары мен Ақмола облысының білім басқармасының өкілдері де қатысты.

Кездесу барысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мен Медиацияны дамыту орталығы арасында ұзақмерзімді ынтымақтастық туралы меморандумды бекітті.  

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Ұлы Отан соғысының ардагері, құрметті судья А.Бекназаровты ұлықтады

29/04/2016

Жеңістің 71 жылдық мерекесінің қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан Республикасының құрметті судьясы Айтжан Бекназаровты салтанатты ұлықтау рәсімі өтті.                                                                                            

Судьялар ардагерді облыстық сот ғимаратының алдына орнатылған, соғыс және еңбек ардагерлерінің есімдері жазылған Даңқ тақтасының жанында қарсы алып, осы ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Қостанай облысының сотында Қазақстан халқы бірлігі күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті

29/04/2016

Қостанай облыстық сотында  1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні қарсаңында Қостанай облыстық сотында облыс орталығындағы соттар ұжымының және Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Салтанатты шараны ашқан Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев біздің елімізде жүзден астам этнос өкілдері өмір сүріп жатқанын, осынша этнос өкілінің бір шаңырақ астында бірлікте болуы Ұлт көшбасшысының сарабдал саясатының жемісі екендігін атап өтті.

Маңғыстау облысының судьялары БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді

29/04/2016

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық комуникациялар қызметі Маңғыстау облыстық филиалының алаңында өткізілген брифингке Маңғыстау облыстық сотының төраға міндетін атқарушы Рахметулла Хайруллин, Маңғыстау облыстық сотының судьясы Айжан Молбаева, Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Өмірзақ Садықов қатысып,  сот төрелігін жүзеге асыру  бойынша 2016 жылдың 1 тоқсанында  атқарылған  жұмыстардың қорытындысын БАҚ өкілдеріне хабардар етті.