Архив событий

07/04/2016

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды

07/04/2016

Қордай аудандық сотында Қордай ауданы әкімінің орынбасары К.Иманәлиевтың пара алу фактісі бойынша сот үкімі жарияланды.

К.Иманәлиев Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің орынбасары бола тұра, «КазСтройИндустрия компаниясы» ЖШС басшылығынан қабылдау-өткізу актілеріне қол қою үшін 100 000 (жүз мың) теңге пара алған.

Павлодар облысында екі апта ішінде 700-ден астам электрондық нұсқадағы атқару құжаттары санкцияланды

07/04/2016

Павлодар облысы соттары  мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының 714 электрондық қаулысын санкциялап, аталған қызмет арқылы орындауға 165 электрондық атқару құжаттарын жолдады.

Павлодарда сот айыппұл түріндегі жазаны нақты бас бостандығынан айыруға ауыстырды

07/04/2016

Павлодар қаласының №2 соты Мүлікті мемлекет пайдасына ауыстыру бойынша Павлодар аумақтық бөлімінің сот үкімі бойынша тағайындалған 43 300 000 теңге сомасындағы төленбеген айыппұлды Қылмыстық кодекстің тиісті бабының санкциясы шеңберінде бас бостандығына айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсынысын қарады.