Архив событий

13/04/2016

Ақмола облысының Есіл аудандық соты 37 азаматтың көлік құралдарын басқару құқығынан айырды

13/04/2016

Ақмола облысының Есіл аудандық соты 2016 жылдың басынан көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған азаматтарға қатысты 48 әкімшілік істі қарады.

Сот анықтағандай, аталған азаматтар алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарып, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағы 2-тармақшасының талаптарын бұзып, осы іс-әрекеттерімен жол қозғалысына қауіп төндірген.

Маңғыстау облысында судьялар татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелерін талқылады

13/04/2016

Маңғыстау облыстық соты 2015 жылы және 2016 жылдың 1 тоқсанында қаралған азаматтық істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолданудың сот тәжірибесі мәселелерін талқылау бойынша облыс судьяларына арналған семинар өткізді.

Жамбыл облыстық сотының судьялары осы жылдың алғашқы тоқсанындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

13/04/2016

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Жамбыл облыстық филиалында өткен брифингте облыс судьялары Жамбыл облысы соттарының 2016 жылғы 1 тоқсанында сот төрелігін жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялады.

Брифингке Жамбыл облыстық сотының алқа төрағалары Ж.Рүстембеков пен Н.Абидов, судья Г.Сыздықова, Соттар әкімшісінің басшысы Ә.Құлдүйсенов қатысты.