Архив событий

11/04/2016

Жоғарғы Сот Қазақстанда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын инвестордың мүддесін қорғады

11/04/2016

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Астана қаласы, Алматы және Ақтөбе облысының соттары бұрынырақта шығарған үш іс бойынша сот актілерінің күшін жойып, «МЕТРО Кэш энд Керри» ЖШС-нің талап арызын қанағаттандырды. Осылайша, жалпы сомасы 107 488 739 теңгені құрайтын импорттық кеден алымын, қосымша құн салығы мен үстемеақыны қосу туралы кеден органдарының хабарламасы заңсыз деп танылып, күші жойылды.

ОҚО аудандық соттарында Судьялар әдебінің қағидалары мен ережелері кодексінің жобасы талқыланды

11/04/2016

Қазақстан Республикасы судьяларының VII съезінде  қабылдануы жоспарланып отырған Судьялар әдебінің қағидалары мен ережелері кодексінің жобасын халыққа түсіндіру мақсатында ОҚО Судья әдебі жөніндегі комиссиясының мүшелері облыстың аудандық соттарына барып, тұрғындармен кездесті.                

Қайрат Мәми Қытайға ресми сапармен барды

11/04/2016

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми бастаған делегацияның Пекин қаласына (ҚХР) ресми сапары басталды.

Делегация құрамында Жоғарғы Соттың мамандандырылған алқасының судьясы М. Балкен, Ақмола және Батыс Қазақстан облыстық соттарының төрағалары Н. Әбдіқанов пен Б. Әметов,  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Ә. Қасенова бар.

Делегация ҚХР Жоғарғы халықтық сотының төрағасы Чжоу Цянмен кездесті.