Архив событий

22/04/2016

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы БҚО соттарында болды

22/04/2016

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов Батыс Қазақстан облысындағы Орал қалалық сотында, мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттарында болып, олардың жұмысымен танысты.

Оралда әкімдік пен облыстық сот арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

22/04/2016

Орал қаласындағы Достық үйінде Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов пен облыстық соттың төрағасы Бек Әметов облыс әкімдігі мен облыстық сот арасындағы Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Атырауда судьялар Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке қатысты

22/04/2016

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің Атырау филиалында Атырау облыстық сотының алқа төрағалары мен Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысының қатысуымен брифинг өткізілді.

Қарағандыда сот жүйесі және атқару өндірісі органдарының өзара әрекеттестігі мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

22/04/2016

Қарағанды облыстық сотында өткен «дөңгелек үстелге» қатысушылар сот органдарының «Төрелік» ақпараттық жүйесі және атқару өндірісі органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (АӨО ААЖ) арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.