Архив событий

04/04/2016

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде татуластыру рәсімдері институтын дамыту бойынша меморандумға қол қойылды

04/04/2016

Судьялардың VI съезінде жария етілген Мемлекет басшысының татуластыру рәсімдерін және дауды шешудің балама түрлерін кеңінен қолдану қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының соттары түсіндіру іс-шараларын жүргізуде. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірлескен жұмысының нәтижесінде облыс әкімдігінде өткізілген құқықтық дауларды (шиеленістерді) реттеу үшін татуластыру рәсімдері институтын дамыту мәселелері жөніндегі жиналыс. 

ОҚО соттары Сайрамдағы №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен Наурыз мейрамын тойлады

04/04/2016

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғаты әсем Төле би ауданында орналасқан «Алматау» демалыс аймағында облыс судьялары Наурыз мейрамына арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Іс-шарада құрметті қонақ ретінде сот жүйесінің ардагерлерінен бөлек облыс соттары үш жылдан бері қамқорлыққа алып келе жатқан Сайрамдағы №4 балалар үйінің барлық 97 тәрбиеленушісі қатысты.

Салтанатты іс-шара облыстық соттың судьялары мен мамандарының қатысуымен ұйымдастырылған флешмобпен басталып, бірден көтеріңкі көңіл-күй қалыптастырды.

Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Венециялық комиссия сарапшыларымен кездесті

04/04/2016

Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Кеңесінің төрағасы Анатолий Сергеевич Смолин  Венециялық комиссия сарапшыларымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан судьяларының жаңа әдеп кодексінің жобасы мен судьяларды іріктеудің жаңа тетіктерін талқылады.

Қайрат Мәми Венециялық комиссияның сарапшыларымен кездесті

04/04/2016

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми Венециялық комиссияның сарапшыларымен кездесті.

Кездесудің мақсаты – Венециялық комиссияға сараптамаға алдын ала жолданған Судьялардың жаңа әдеп кодексі жобасын (бұдан әрі - Кодекс) талқылау.

«Сот кабинеті» сервисінде азаматтардың уақытын үнемдеу үшін «апостильдеу» жаңа функционалы іске қосылды

04/04/2016

Қазақстан Республикасынің Жоғарғы Соты «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызметін оңтайландыру мақсатында «Сот кабинеті» сервисінде жаңа «апостильдеу» функционалын іске қосты.

«Апостильдеу» функционалы арқылы ресімдеуге тиісті құжаттарды алу үшін азамат сотқа сот актісінің көшірмесін беру туралы өтініш жолдайды.