Архив событий

08/04/2016

Шығыс Қазақстанда сенаторлар қылмыстық заңнаманың құқық қолдану тәжірибесі мәселелерін талқылады

08/04/2016

Өскемен қаласында Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті жана Қылмыстық, Қылмыстық процестік  және Қылмыстық-атқару кодекстерін қолдану мәселелерін талқылау мақсатында көшпелі отырыс өткізді.

Арал аудандық сотында азаматтық істі қарау партисипативтік рәсім тәртібімен аяқталды

08/04/2016

Қызылорда облысының Арал аудандық сотында талап қоюшы Г-ның жауапкер Н-дан 400 000 теңге берешек қарызын және мемлекеттік баж үшін төлеген 4000 теңге қаражатты өндіруді сұраған азаматтық ісі партисипативтік рәсім тәртібімен қаралды.

Талап қоюшы Г. талап арызында жауапкер Н-ның 2013 жылы өзінен 400 000 теңгенің алтын бұйымдарын сатып алып, ақшасын күні бүгінге дейін бермей жүргенін көрсетіп, жауапкерден берешек 400 000 теңге және 4000 теңге көлеміндегі мемлекеттік баж салығын өндіріп беруді сұраған.

Ақтөбе қалалық соты құрылыс бригадасының сегіз жұмысшысының жалақысын өндірді

08/04/2016

Ақтөбе қалалық сотына құрылыс бригадасының 8 жұмысшысы «А и К Евразия» ЖШС-нің директоры С.Т.Қошпаннан еңбекақы бойынша қарыз ақша мен тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Апелляциялық сот алқасы соттың үкімін заңды және негізді деп таныды

08/04/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы үш адамның өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасын жасаған үшін бірінші сатыдағы сот тарапынан кінәлі деп танылып,  сотталған О.Буртовойдың апелляциялық шағымын қарады.

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық сотының 2016 жылғы 23 ақпандағы үкімімен О.Буртовой ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша 5 жылға бас бостандығынан, 3 жылға дейінгі мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, жазасын колония-қоныста өтеуге сотталған болатын.

Атырауда Судьялар Одағы мен медиаторлар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

08/04/2016

Атырау облыстық сотында судьялар «Медиацияны дамыту орталығы»,  «Медиаторлардың ұлттық палатасы» республикалық қоғамдық бірлестігінің, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі Медиация орталығының медиаторларымен кездесті.

Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік 48 азамат әкiмшiлiк жазаға тартылды

08/04/2016

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2016 жылдың басынан шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 48 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралған. Бұл Ресей Федерациясының, Өзбекстан, Қырғызстан және Грузия Республикасының азаматтары.