Архив событий

27/04/2016

Ақтөбе облыстық сотының судьялары сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстарының қорытындыларын жариялады

27/04/2016

«Ақтөбе ақпараттық орталығында» өткізілген брифингте облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқа төрағасы Нұрсапа Примашев, облыстық соттың судьясы Нұрила Сатыбалдина, Соттар әкімшісінің басшысы Әсет Мамбетов журналистерге облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру бойынша 2016 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстарының қорытындысын жариялады.  

Жоғарғы Сотқа Францияның Қазақстандағы Елшілігінен алғыс хат нотасы келіп түсті

27/04/2016

Жоғарғы Соттың атына Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкодан хат келіп түсті. Хатта ол Сыртқы істер министрлігіне келіп түскен Францияның Қазақстандағы Елшілігінің алғыс хат нотасының мазмұнын хабарлаған. Елшілік Қазақстанның жоғары сот органының «Chivas Holdings (IP) Limited» компаниясының талап арызын қанағаттандыру жөніндегі қаулысына қатысты өз алғыстарын білдірген.

Өскеменде сот жалған хаттамалар жасағаны үшін бұрынғы полиция қызметкеріне бір жарым миллионнан астам теңгеге айыппұл салды

27/04/2016

Өскемен қаласының № 2 соты дәлелдемелерді және жедел-іздестіру материалдарын бұрмалап, лауазымды өкілеттіліктерін теріс пайдаланды деп айыпталған Т.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.