Архив событий

25/04/2016

Қостанай облысының соттары су тасқынынан зардап шеккен Суриков аулының тұрғындарына заң көмегі мен материалдық қолдау көрсетті

25/04/2016

Журырда Қостанай облысының сот қауымдастығының өкілдері сәуір айының ортасында тасқын судан зардап шеккен Қостанай ауданының Суриков ауылына барып қайтты.

Сот қауымдастығының өкілдері Гүлманат Артықбаева мен Жұмабек Садуақасов ауыл тұрғындарының әрқайсына келген шығын өтемін алу үшін қажет құжаттарды жинақтау тәртібін түсіндірді. Жалпы сот қызметкерлеріне 18 азамат өз сауалдарын қойып, кеңес сұрады.

ШҚО-ның №1 кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ЮНИСЕФ өкілдері болды

25/04/2016

ЮНИСЕФ-тің «Өңірлік жоспарлауға инновациялық өзгерістерді енгізу арқылы өңірдің бәсекелестігін арттыру және халыққа қоғамдық қызмет көрсету» бағдарламасының ортақ басқару комитетінің мүшелері Шығыс Қазақстан облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында болды

Жамбыл облысының барлық соттарында сот медиациясы туралы семинар-тренингтер өткізілді

25/04/2016

Жамбыл облыстық соты Меркі аудандық сотында бес аудандық соттың жас судьяларына арналған үйлестірушілік татуластыру рәсімдері бойынша «Сот медиациясы» өңірлік семинар-тренинг өткізді.

Семинарды Жамбыл облыстық сотының судьясы Д. Нұрлыбаева және «Паритет» – медиация және заң орталығының директоры, кәсіби медиаторы К. Данабаева жүргізді.