Архив событий

15/04/2016

Шығыс Қазақстан облыстық соты тұрғын үй комиссиясы шешімінің күшін жойып, талапкердің пәтерді жекешелендіру құқығын растады

15/04/2016

Өскемен қалалық сотында В.Ушаков ҚР Энергетика министрлігі «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан пәтерді жекешелендіруден бас тартуды,  жекешелендіру құқығын және іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы талап арызымен жүгінді.

Талапкер өзінің  талабында «Қазгидромед» ШЖҚ РМК-де 21 жылдан астам қызмет атқарғандығын көрсеткен. 2016 жылдың 16 наурызында  талапкер мен жауапкер арасында мемлекеттік тұрғын үй қорынан оның отбасына  пәтерді жекешелендіру жайлы жалға алу шарты жасалған болатын.

Қостанай қаласының әкімдігінде медиация кабинеті ашылды

15/04/2016

Қостанай қаласы әкімдігінің ғимаратында медиация кабинетінің ашылу рәсіміне облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Долгих, Қостанай облыстық сотының судьялары, Қостанай қалалық сотының төрағасы Мұрат Найманов, қалалық әкімдік аппаратының басшысы Ғайсар Оразбаев, «Қостанай облысы медиация орталағы» жеке мекемесінің директоры Құралай Ахмединова, облыстың кәсіби медиаторлары және журналистер қатысты.

Сот жюриінің біліктілік комиссиясы Ақмола облысы судьяларының кәсіби біліктілігін бағалады

15/04/2016

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары құрамындағы Сот жюриінің біліктілік комиссиясы екі күн ішінде Ақмола облысы судьяларының кәсіби қызметін бағалады.

Сот жюриінің төрағасы Жоғарғы Соттың судьясы Моряк Шегеновтің басшылығымен біліктілік комиссиясы қызмет атқарып жатқан судьялардың лауазымдарына сәйкестігін тексерді.