Архив событий

20/04/2016

Солтүстік Қазақстан облысында жүзден астам адамның улануына кінәлі болған аспаз сотталды

20/04/2016

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар аудандық сотында санитарлық қағидалар мен гигиеналық нормативтерді бұзғаны және көрiнеу жалған құжатты пайдаланғаны үшін айыпталған Т. Лайдыкерге қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Сот Т.Лайдыкердің «Серебряный бор» Балалар сауықтыру лагері» МКҚК әкімшілігіне бактериологиялық зерттеу нәтижесі туралы жалған мәліметтер енгізілген көрiнеу жалған құжат – медициналық кітапшасын ұсынғанын, соның негізінде ол аспазшы және қоймашы ретінде жұмысқа қабылданғанын анықтаған.

Қызылорда да сот орындаушылардың қаулыларын электрондық санкциялау мәселелері талқыланды

20/04/2016

Қызылорда облыстық сотында «Атқару парақтарын электронды түрде жолдау және сот орындаушылардың қаулыларын электрондық санкциялау мәселелері» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Жамбыл облыстық сотында сот шешімдерін әзірлеу әдістемесі бойынша семинар өтті

20/04/2016

Қазақстанның Судьялар одағы «АВА CEELI» Америкалық заңгерлер қауымдастығының өкілдігімен бірлесіп, Жамбыл облыстық сотында аудандық және оған теңестірілген соттардың судьяларына арналған азаматтық істер бойынша сот шешімдерін әзірлеу әдістемесінің сұрақтары бойынша семинар өтті.  

Айыппұл түріндегі жаза бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

20/04/2016

Семей гарнизоны әскери сотында Семей қаласы бойынша әкімшілік айыппұлдарды өндіру және сот үкімдерін орындау бөлімі сот орындаушысының сотталған Ж.Ахметжановқа қатысты сот үкімі бойынша жазасын ауыстыру туралы ұсынысы қаралды.

Сотта, Семей гарнизоны әскери сотының үкімімен Ж.Ахметжанов ҚР ҚК-нің 367- бабы, 2-бөлігімен қарастырылған  қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 200 000 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалғандығы анықталды.

Маңғыстау облысында «Медиация – қоғамдық келісім мен тұрақтылық құралы» тақырыбында семинар өтті

20/04/2016

Маңғыстау облыстық соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясының Маңғыстау филиалы, «Маңғыстау облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірігіп, «Медиация – қоғамдық келісім мен тұрақтылық құралы» атты семинар-тренинг өткізді.

Семинар жұмысына облыс судьялары, кәсіби медиаторлар, үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті полиция мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері  қатысты.Аталған семинардың Қазақстан халқы Ассамблеясы Маңғыстау филиалының алаңында ұйымдастырылуына онда 2015 жылы желтоқсан айында медиация кабинетінің ашылуы негіз болды.

Өскеменде ІІД бөлімінің бұрынғы бастығы сыбайлас жемқорлық қылмысын бірнеше рет жасағаны үшін сотталды

20/04/2016

Р.Байтықов Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы басқармасының Емтихан жұмыстарын тіркеу бөлімі басшысының орынбасары бола тұра, 11 эпизодтан тұратын пара алу түріндегі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған, яғни «Май» акционерлік қоғамына қарайтын, қайта жабдықталған 6 «Камаз» көлік құралына қайта қарауды жүргізбей, 6 тіркеу (есептен алу) актісіне қол қойғаны, қайта жабдықталған «Нефаз» көлік құралының 12 тіркемесі бойынша қайта қарауды жүргізбей, 12 тіркеу актісіне (есеп алу) қол қойған және басқа эпизодтар бойынша құқыққа қайшы әреке