Архив событий

05/04/2016

Қостанайда сот азаматтың арнайы қоныста болғандығы туралы заңды дерегін анықтады

05/04/2016

Владимир Пак саяси қуғын-сүргін кезеңінде ата-анасымен бірге өзінің арнайы қоныста болғандығының заңды дерегін бекітуді сұрап, Қостанай қалалық сотына жүгінген. 

Шағымында ол өзінің ата-анасы 1937 жылы саяси жайттарға сай ықтиярсыз Приморск өлкесінен қозғалыс құқығынсыз Қазақстанға жер аударылып, Ішкі істер министрлігінің арнайы тізіміне іліккен. Ал В.Пактің ата-анасы арнайы қоныста болған кезде 1951 жылы туғаны іс материалдарымен дәлелденеді.

Талдықорған гарнизоны әскери сотының судьясы сот орындаушысының электронды қаулысын санкциялады

05/04/2016

Сот органдарының «Төрелік» ақпараттық жүйесі мен атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде борышкердің Қазақстан Республикасының аумағынан уақытша шығуына шектеу қою туралы сот орындаушысының электронды түрде рәсімдеген қаулысын Талдықорған гарнизоны әскери сотының судьясы Ержан Абдуллин санкциялады.

Қызылордада медиация кабинеті ашылды

05/04/2016

Қызылордада Достық үйінің мәжіліс залында облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанында медиация кабинеті ашылды.

Ақтөбеде қарыз шартын жарамсыз деп тану туралы азаматтық іс партисипативтік келісімді бекіту жолымен шешілді

05/04/2016

Ақтөбе қалалық сотында талапкер К. жауапкер азамат Р. мен нотариус М.-ге қатысты қарыз шартын жарамсыз деп тану туралы азаматтық ісін қарауға дайындық барысында тараптардың өкілдері партисипативтік келісімді бекіту туралы өтінішхатпен жүгінді.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 134 азаматты көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырды

05/04/2016

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты  осы жылдың алғашқы үш айында көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған азаматтарға қатысты 158 әкімшілік істі қарады.

Сот анықтағандай, аталған азаматтар алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарып, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, осы іс-әрекеттерімен жол қозғалысына қауіп төндірген.