Архив событий

28/04/2016

Қазақстан халқы ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жанындағы Медиация орталығы оннан астам медиация рәсімін өткізді

28/04/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының бастамасымен және қолдауымен үстіміздегі жылдың 1 сәуірінде Петропавл қаласындағы Достық үйінде ашылған Медиация орталығы оннан астам медиация рәсімін өткізді.

Медиация Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының маңызды бағыттарының бірі болса, Достық үйіндегі Медиаторлар орталығы – өңір азаматтарының жиі келетін орындарының бірі.

Алматыда 12 үміткер судья лауазымына арналған бір жылдық тағылымдамадан өту үшін оң қорытынды алды

28/04/2016

Алматы қалалық сотында қала бойынша судьялыққа кандидаттар арасынан бір жылдық тағылымдамадан өтетін тұлғаларды іріктеу комиссиясының бірінші отырысы өтті.

Барлық кандидаттар туралы мәліметтер Алматы қалалық сотының интернет-ресурсында жарияланды. Онда әрбір азамат судьялыққа үміткер тағылымдамасынан өтуге қатысу үшін құжат тапсырған тұлғалар жөнінде өздерінің жеке пікірлерін білдіру мүмкіндігіне ие болды.

Жоғарғы Сот Қазақстанда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын инвестордың мүддесін қорғады

28/04/2016

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасына «Жайықмұнай» ЖШС «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РММ-ға (бұдан әрі - Департамент) қатысты 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №554 салық тексерісінің нәтижесі туралы ескертуді заңсыз деп тану және оның күшін жоюға қатысты өтініші келіп түсті.