Архив событий

06/04/2016

БҚО-ның Орал қалалық соты әкімшілік құқық бұзушылық туралы дәлелдемелерді бұрмалағаны үшін бұрынғы полиция қызметкеріне үш миллионнан теңгеден астам айыппұл салды

06/04/2016

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты 1997 жылғы редакциядағы Қылмыстық кодекстің 348-бабының 1-2 бөлігінде көзделген (әкімшілік құқық бұзушылық туралы дәлелдемелерді бұрмалау) қылмысты жасағаны үшін бұрынғы полиция қызметкері А.Ташаевты кінәлі деп таныды.  

Бұрынғы полиция қызметкеріне 200 АЕК мөлшерінде (3 704 000 теңге) айыппұл және құқық қорғау органдарында 3 жыл мерзімге лауазымды қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Талдықорған гарнизонының әскери соты заңсыз босатылған әскери қызметкерді қызметіне қайта орналастырды

06/04/2016

Талдықорған гарнизонының әскери соты еңбек шартын бұзғаны жөнінде бұйрықты заңсыз деп тану және қызметтік орнына қайта орналастыру туралы азаматтық істі қарады.